Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министр БАҚ туралы заңды сынағандарға жауап берді - АРҚА АЖАРЫ

Министр БАҚ туралы заңды сынағандарға жауап берді

 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі БАҚ туралы заңды сынағандарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БАҚ туралы заңнамаға өзгерістер әлі де енгізіледі. Бүгінде жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Заңға қатысты сын-пікір айтқан әріптестерімізбен кездесу де жоспарда бар. Заңнама әлі талқылану үстінде. Мәжілістің қарауына әлі жеткен жоқ. БАҚ туралы заңды жетілдіре түсуде Мәжіліске дейін біраз жұмыс істеу керек. Осы орайда заң жобасына қатысты пікір айтып жүрген әріптестерімізді Мәжілістің жұмыс тобына шақырамыз. Айтылып жатқан сындардан хабарымыз бар», – деді Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Еске салайық, БАҚ туралы заң жобасы 27 қаңтарға дейін қоғам талқылауында болды.

БАҚ туралы жаңа заңда қандай өзгерістер болатыны туралы жазған едік.

«Заң жобасы аясында журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту, телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтерді өзгерту жоспарланған. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері туралы заңға түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектейтін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Ақпараттық доктрина талқылаудан өтті, сондай-ақ ақпарат саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындауға кірістік», – деген еді Ақпарат министрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар