Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

1 наурызда біз бәріміздің ортақ мерекеміз – өзара көмекті, шынайы ілтипатты және еліміздегі бірлікті айғақтайтын Алғыс айту күнін атап өтеміз.

2016 жылы қазақстандық күнтізбеде пайда болған бұл мерекелік күн барлық кедергілерге қарсы қоян-қолтық, бірге тұра білген және мықты мемлекет құрған республикамыздың барлық халқына құрмет белгісі болып табылады.

Біздің еліміздің тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы. Бұл туралы біз әрдайым ұмытпауға тиіспіз! Бұл – халық зердесі үшін, адамдардың достығы мен өзара түсіністігі үшін, біздің балаларымыз бен немерелеріміз үшін ең басты игілік.

Бұл тамаша датаның басты маңызы – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар байланысын нығайту, жастарға рухани тәрбие беру, ең бастысы, бұл – туған жеріміздегі барлық жақсылықтар үшін алғыс айту мүмкіндігі.

Алғыс айту күні – әртүрлі этнос өкілдерін құшақ жая, көптеп қабылдаған қазақ халқына, біздің аймақтың тұрғындарына шынайы ризашылық сөздерін айтуға тамаша себеп.

Аймақта бейбітшілікті, келісім мен тұрақтылықты сақтағандары үшін барлық ақмолалықтарға зор алғыс сезімін білдіремін. Өз ісінің шеберлері – еңбек адамдары, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, оқытушылар, құрылысшылар және басқа мамандық иелері шынайы түрде осындай небір құрметке лайықты.

Көктемнің осы бір алғашқы күні әрбір отбасына амандық-саулық, ашық аспан және жақсылық тілеймін! Денсаулықтарыңыз зор болып, Қазақстан Республикасының игілігі жолындажемісті еңбек етулеріңізге тілектеспін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар