Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 ақпанда Целиноград ауданының полиция бөліміне Талапкер ауылының 21 жастағы тұрғынынан арыз түсті.
Зардап шегушінің сөзінше, сол күні түнгі сағат 02:40 шамасында Сарыарқа-Құрманғазы көшесінің қиылысында белгісіз адамдар оның Iphone 11 маркалы телефонын күштеп тартып алған. Келтірілген залал сомасы 298 мың теңгені құрады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талапкер ауылының 18 және 20 жастағы екі тұрғыны, елордалық колледждердің бірінің студенттері ұсталды. Белгілі болғандай, түнгі уақытта ауыл ішінде көлікпен келе жатқан күдіктілер зардап шегушіні кезіктіріп, оны ұрған және қымбат гаджетіп тартып алған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлел – телефон-тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ведомстводан