Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы Красноярск өлкесімен ынтымақтастықты дамытуда - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы Красноярск өлкесімен ынтымақтастықты дамытуда

Ақмола облысының делегациясы Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінде орналасқан. Сапар аясында ақмолалықтар Красноярск экономикалық форумының жұмысына қатысады, кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен келіссөздер жүргізеді және бірқатар кәсіпорындарға барады, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Красноярск экономикалық форумы барысында Ақмола облысының әкімдігі мен Красноярск өлкесінің Үкіметі арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылды. Стратегиялық құжат өнеркәсіп, кәсіпкерлік қызмет, көлік, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, туризм және өңіраралық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықты көздейтін 8 блоктан тұрады.

Сондай-ақ, Красноярск мэрі Владислав Логиновпен жұмыс кездесулері өткізілді. Тараптар мемлекетаралық әріптестік мәселелерін талқылады.
«Өткізілген іс-шаралар біздің өзара іс-қимылымыздың жоғары сатыға шығуына серпін берді. Біз берілген бағытта жүруді жалғастыруға дайынбыз. КЭФ алаңдарының жұмысына қатысу екіжақты қарым – қатынастарды дамытудың жаңа перспективаларын бірге көруге жақсы мүмкіндік екеніне сенімдімін», – деді Владислав Логинов.
Өңірлік үкіметтегі кездесуде логистикалық хабты дамыту және өңірлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің, түйіршіктер мен түрлі орман өнімдерінің экспортын ұлғайту, туризмді дамыту, медициналық қызметтер көрсету, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық және тағы басқа мәселелер қаралды. Оның ішінде, Ресей тарапы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ағаш отырғызу бағдарламасына қатысуға дайын. Сондай-ақ, энергогенерация және ТКО-мен жұмыс істеу салаларында ынтымақтастық орнатуға болады.

Айта кетейік, бұл сапар Красноярск өлкесінің губернаторы Александр Усстың 2022 жылғы қарашада Астана қаласына сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, онда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кеңейтілген форматта екіжақты кездесу өткізілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар