Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мейрамымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі – Көрісу күнін тойлап жатыр.

Фото: akorda.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар