«БЕКІТЕМІН»
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы
__________ А. А. Алин
2023жылғы «____»_________
Байқау Ақмола облысының жұмыс істеп тұрған БАҚ журналистері, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері, штаттан тыс тілшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі танымал өңірлік пабликтер арасында өткізіледі.
- Байқаудың ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.
- Байқаудың мақсаты – облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жария ету бойынша үздік жұмыстарды анықтау.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Еңбек адамы»
Еңбек құндылықтарын ілгерілетуге, Еңбек адамын қоғамда танымал етуге, жұмысшы кәсіптердің беделін арттыруға арналған материал.
«Үздік талдамалы материал»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста орналастырылған материал. Номинацияда мәселелердің көпжақты талдануы, материалда көрсетілген автор қозғаған мәселелер қорытындыларының өзіндік ерекшелігі мен практикалық қолданылуы бағаланады.
- «Үздік репортаж»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста орналастырылған материал. Номинацияда оқиғаларды жариялаудың сапасы мен объективтілігі бағаланады.
- «Ақмола облысы туралы үздік материал»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған облыстың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін үздік ақпараттық жария еткені үшін материал. Тақырыптың берілу тәсіліне, кеңінен ашылуына, идеяны, шығармашылық сюжетті іске асырудағы эксклюзивтілікке, бірегейлікке назар аударылады.
- «Үздік аудандық баспа басылымы»
Өтінімді бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе бас редактор уәкілетті органда БАҚ-ты есепке қою туралы куәліктің нөмірін көрсете отырып береді.
Өтінім баспа басылымының қызметін сипаттайтын жобалар, айдарлар, авторлар және өзге де тұлғалар, оқиғалар және өзге де маңызды фактілер көрсетіле отырып, баспа басылымының паспорты (PowerPoint немесе PDF форматы кемінде 6 бет) түрінде ұсынылады. Басылымның үш нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі тиіс.
«Үздік фотосурет»
Өтінімге мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған фотосуреттер қоса беріледі. Байқауға кемінде 10 фотосурет (түрлі-түсті) қабылданады.
Егер фотосурет баспа БАҚ-та орналастырылған болса, газеттің/журналдың сканерленген нұсқасын ұсыну қажет. Номинацияда сюжеттің бірегейлігі және тақырыптың ашылуы, фотоны қабылдау және эмоциялық қанықтылығы бағаланады.
«Үздік бейнетүсірілім»
Өтінім жаңалықтар блогында шыққан бейнематериал және эфирлік анықтама түрінде ұсынылады. Теледидарлық сюжеттің контентін жасаудағы сапалы көзқарасқа назар аударылады.
- «Үздік теледидарлық бағдарлама»
Өтінімге бейнематериал және эфирлік анықтама қоса ұсынылады және онда жарнамалық материалдар мен тайм-кодтар болмауы тиіс. Теледидар контентін жасаудың сапалы тәсіліне; өндірістің әр кезеңінің кәсіби деңгейіне; ТВ өнімінің көркем және қоғамдық құндылығына назар аударылады.
- «Әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик»
Қатысу үшін мазмұны ҚР Заңдарын бұзбайтын кез-келген тақырыптағы блогтары бар ақпараттық пабликтерден өтінімдер қабылданады. Блогтың жұмыс кезеңі — кемінде бір жыл. Өтінімде пабликке сілтемені, блогтың қаралу статистикасына қонақтарға қол жеткізу сілтемесін, блогтың атауы мен қысқаша сипаттамасын, сондай-ақ ақпараттық посттар көрсетілу қажет.
«Үздік ақпараттық паблик» номинациясының жеңімпазы ішкі саясат басқармасының сайтында дауыс беру жолымен анықталады.
- «Үздік жаңалықтар порталы»
Өтінімге жобалар, контент, интернет-оқиғалар, айдарлар, авторлар мен басқа да есімнамалар және интернет-ресурстың қызметін сипаттайтын маңызды фактілер көрсетілген, келушілер бойынша есептілікке қоса берілген PowerPoint немесе PDF форматындағы 12 беттен аспайтын презентация қоса беріледі. Номинацияда жарияланатын тақырыптардың сапасы, уақытылығы, өзектілігі және маңыздылығы бағаланады.
Байқауға 2022 жылғы 15 маусымнан 2023 жылғы14 маусымына дейінгі уақыт ішінде БАҚ-да жарияланған журналистердің авторлық жұмыстары, бейнесюжеттер, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі телебағдарламалар қабылданады.
- Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
— қатысуға толтырылған өтінім;
— рәсімделген байқау жұмысы;
— жеке куәліктің көшірмесі.
Телевизиялық хабарлар, сюжеттер, радиохабарлар байқауғафлеш-картада қабылданады, баспа жұмыстары газет немесе басқа да жарияланымдары (көшірмелері) бар альбом түрінде немесе файлдары бар папкалар (материалдың атауын, басылымға, радио немесе телеэфирге шығатын нөмірі мен күнін көрсете отырып) ұсынылуы тиіс. Ақпараттық агенттіктердегі материалдар – интернетте материалдарды орналастыру мекен-жайына сілтемелері бар электрондық нұсқалар түрінде қабылданады.
- Өтінімдер мен байқау жұмыстары ішкі саясат басқармасына 2023 жылғы 15 маусымға дейін ұсынылады (Сәтпаев көшесі, 244-кабинет, тел 72-20-05, 40-12-07).
- Байқауға қатысуға өтінім байқаудың атауы мен жіберушінің байланыстары көрсетіле отырып, қолма-қол немесе пошта арқылы жабық конвертте беріледі.
- Байқау жұмыстары рецензияланбайды және қайтарылмайды.
- Байқауға бір номинацияда кемінде 5 жұмыс ұсынады.
- Алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары сол номинацияға қатысуға құқығы жоқ.
- Байқауға қатысушы бірнеше номинацияларға қатыса алады. Әрбір номинация үшін құжаттардың жеке тізбесі қалыптастырылады.
- Өткізу тәртібі және қорытындылау
1) Байқау материалдарын қарастыру және номинацияларды беру үшін байқау комиссиясы құрылады.
2) Комиссия мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистика ардагерлеріжәне т.б. болып табылады.
3) Байқау қорытындыларын комиссияқарастырып, бекітеді. Номинацияны беру туралы шешім байқау комиссияның отырысында көпшіліктің дауыстарымен, комиссия құрамының 2/3 бөлігінен кем емес болған жағдайда қабылданады және хаттамамен рәсімделеді.
4) Нақты номинация бойынша жеңімпаздарға лайықты үміткерлердің болмауы жағдайында комиссия қаражатты басқа номинацияларға немесе ынталандыру сыйлықақыларына берілуі туралы шешімді қабылдауға құқылы.
5) Комиссия мүшелері байқауға жіберілмейді.
6) Байқаудың соңғы қорытындысы 2023 жылғы маусымның үшінші онкүндігінде шығарылады және және ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылады.
7) Байқау комиссиясыбайқауда қосымша номинациялар құруға құқылы.
8) Байқаудың 10 жеңімпаздарына 300 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етіледі. Төлем шілде айында жүргізіледі.
9) Қосымша байқауды ұйымдастырумен 200 000 теңге сомасында сертификаттарды тапсырумен 10 ынталандыру номинациясы қарастырылған.
Облыстық «Арқа төрі –
Ақмола» конкурсының
Ережесіне қосымша
«Арқа төрі — Ақмола» облыстық конкурсқа қатысуға өтінім
- Қатысушының аты-жөні ____________________________________________________________
- Қатысушының лауазымы, жұмыс орны
______________________________________________________________________________________
- Өтінім беру номинациясыныңатауы___________________________________________________________
- Байланысдеректері
(тел. нөмірі, эл. мекен — жайы) ______________________________________________________________
- Өтінім берілген күн ____________________________________
- Қатысушының қолы____________________________________