Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм саласын дамытуда оң серпін байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Туризм саласын дамытуда оң серпін байқалады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында туризм саласын дамытудың 2022 жылғы қорытындылары және 2023 жылдың жоспарларытуралы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспанов есеп берді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық ведомство басшысының айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы Қазақстандағы туризмді дамыту драйверлерінің бестігіне кірді.

–Қонақтар үшін туризм саласындағы 600-ден астам кәсіпорын, 350-ден астам орналастыру орындары жұмыс істейді, онда бір уақытта 15 мыңнан астам адам орналаса алады, бұл өңірге елдегі алтыншы орынды қамтамасыз етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 114 жұмыс орнын құрумен туристік инфрақұрылымның 15 жобасыаяқталды, – деді Е.Оспанов.

Ол қазақстандықтардыңоблыстың туробъектілеріне көбірек қызығушылық таныта бастағанын атап өтті. Статистикаға сәйкес, ішкі туристік ағын 15 пайызға ұлғайып, 1,0 миллион келуші  тіркелді.
Сондай-ақ, шетелдік қонақтар саны артты.«Eqonaq» ақпараттық жүйесі бойынша әлемнің 94 мемлекетінен 22,9 мың келушілер тіркелді.

Оның 15 мыңнан астамы ТМД елдерінен.2022 жылы қонақтар тізімі АҚШ, Канада, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Польша, ҚХР,БАӘ, Сауд Арабиясы, Египет, Оңтүстік Африка, Кения, Австралия және Шығыс Азия мен Тынық мұхиты елдерініңтуристерімен толықтырылды.

Өңірде туризмді дамыту географиясы кеңеюде.Бурабай бас курортынан басқа, Зеренді және елордалық туризмді дамыту аймақтары дамуда.Биылғы жылы «Aqвura Resort»жобасының 1-кезеңі шеңберінде қонақ үйі бар қалалық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарлануда, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары шеңберінде инженерлік және көліктік инфрақұрылымның 9 жобасын іске асыру жүргізілуде. Зеренді аймағын дамыту мақсатында облыс әкімдігі
31 инфрақұрылымдық жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды көздейтін 2025 жылға дейінгі даму жоспарын бекітті.

Соңғы үш жылда елордалық сегментте туристік сала объектілерінің ұлғаю үрдісі байқалды. Туризм саласының астаналық даму аймағына Ақкөл, Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандары кіреді. Биыл 3 ірі жобаны – Аршалы ауданындағы екі демалыс аймағын және Ақкөл ауданындағы сауықтыру-емдеу орталығын іске асыру жалғастырылады. Туроператорлардың шығындарын өтеу және субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шаралары белсенді іске асырылуда. Биыл 10 субъектіге 100 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік қолдау шаралары мақұлданды.

Кеңесте абаттандыру мен санитарлық жағдайға және оларды шешу жолына қатысты проблемалық мәселелер атап өтілді. Жол бойындағы сервис объектілері мен санитарлық-гигиеналық тораптардың санын жақсарту және көбейту бойынша жұмыстар жеке айтылды.

Кеңесті қорытындылай келе, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев саланы абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жауапты мемлекеттік органдардың әлсіз жұмысын атап өтіп, туризмнің барлық нысаналы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді, инвестицияларды тарту, инфрақұрылымды іске асыру және туризм объектілерінің сервисін жақсарту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

– Бұл бірінші кезекте біздің облыстың имиджі. Бізді жазғы маусымға дайындық бойынша одан да көп жұмыс күтіп тұр. Біз есеп беру үшін емес, халық үшін жұмыс істеуіміз керек, – деп қорытындыладыөз сөзін облыс басшысы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар