Ақмолалық зейнеткер алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Совет Хамитұлы ауыл шаруашылығы басқармасында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Жетпіс алты жастағы зейнеткер өзі тіркелген Көкшетаудағы жоғары құрылыс-техникалық колледжінде орналасқан №729 сайлау учаскесіне таңғы сағат 07:30 барып, алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

– Бірде-бір сайлауды жіберіп алған жоқпын. Әр адам елдегі саяси өзгеріске үлесін қосқызғысы келсе, міндетті түрде өзі тіркелген сайлау уческесіне барып, қалаған кандидатына дауыс беруі тиіс. Мен бүгін өз таңдауымды жасадым», – дейді Совет Хамитұлы.

Сонымен бірге, зейнеткер депутаттарды кері қайтарып алу құқығы пайда болғанына да қуанышты екенін жасырмады.

«Егер сайлаушыларына берген уәдесі мен сайлау алды бағдарламасын орындамаса, онда мұндай халық қалаулысының керегі қанша», – деп толықтырды ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар