Ауызбірлігімізден ажырамайық

– Краснояр ауылының №3 сайлау учаскесінде «Дауыс қоғамдық байқаушылар коалициясы» атынан еліміз үшін маңызды сайлауға байқаушы ретінде қатыса отырып, сайлаудың ұйымдастырылуы мен өтуінің жоғары деңгейде екенін, заң талаптарына сәйкес өтіп жатқанының куәсі болдым.

Сайлауға ауыл тұрғындарының белсенділігі де жоғары. Саяси науқанға отбасымен бірге келіп дауыс беріп жатқандардың қатары көптеп саналуда. Ауылымыздағы үлкен адамдар да осы қатардан табылып отыр. Мекеме қызметкері, көше тұрғындары болып, бірлесе келіп, белсенділік көрсетіп жатқандар да бар.

Бұл көріністен елдің болашағына ауылдастарымның немқұрайлы қарамағанын түсіндім, – деген Инара Мұратбекқызы Жеңіс, еліміздің болашағының жарқын болуы үшін барша сайлаушыларды өз үлестерін қосуға шақырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар