Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы су тасқынына қарсы іс шараларды күшейтуге тапсырды

Ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың күрт еруі Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және қаланың жекелеген аудандарында су басу қаупінің пайда болуына себеп болды.

Коммуналдық қызметтер су тасқынына қарсы барлық шараларды қабылдауда. Арықтар мен су өткізгіш құбырларды тазарту, өзендегі мұзды қопсыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ су айдау үшін техника дайындалды.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың ақпараты бойынша жұмыс бүкіл облыс бойынша жүргізілуде. “Бұл су өрістерден келеді. Бақылау бекеттері орнатылды. Жұмыс тұрақты жүргізілуде”, – деді Н. Атығаев.

Өз кезегінде өңір басшысы жұмысты күшейтуді тапсырды.

“Орман-дала аймағында әлі де қар көп. Қауіп өтті деп айта алмаймыз, дайын болу керек”, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы облыстың астаналық өңірлеріндегі жағдай туралы айтып берді.  Бүгінде Қоянды, Шұбар, Қараөткел, Талапкер, Рахымжан Қошқарбаев ауылдарында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су айдау жұмыстары жүргізілуде.

Қарды шығару, егістіктерді қаралау сияқты алдын алу шараларының арқасында су тасқынының негізгі қаупі өтті. Алайда, қазір аумақтарының тұрғындарының қарды уақтылы шығармауына байланысты пайда болған көшелердегі суды сорып алу туралы көптеген өтініштер келіп түсуде.

Дереккөз: www.gov.kz/memleket/entities/aqmola

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар