Ақмола облысында су тасқыны тұрақты шиеленісті режимде өтуде

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 наурыздан бастап ауа температурасының күрт көтерілуімен су тасқынының бірінші толқынының белсенді фазасы басталды.

Ағымдағы жылдың 23 наурызынан бастап болжамды деректерді ескере отырып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесі «Жоғары дайындық» режиміне ауыстырылды, облыстық су тасқынына қарсы жедел Штаб жұмыс істеуде.

Сондай-ақ «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды. Азаматтық қорғау органдары мен құралымдарының күштері мен құралдары толық дайындықта келтірілген.

Наурыздың 28-нен бастап Сандықтау және Атбасар аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін ТЖД-нің қосымша күштері жіберілді. Тұрғын үйлерді су басуды жол бермеу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасуда.

Қазіргі уақытта Көкшетау қ., Целиноград, Қорғалжын, Астрахан, Атбасар және Шортанды аудандарындағы елді мекендерде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 70 мың м3 еріген су сорылды.

Тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасуда.
Жалпы, тасқын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың жіті бақылауында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар