Әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

Ақмола облысының спорт жұртшылығы Астана қаласының әуежайында Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Карина Ибрагимова мен оның жеке бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкийді зор қошеметпен қарсы алды деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Спорттық додаларда Жақсы ауданының атынан сынға түсіп жүрген талантты спортшымыз бұл жолы әлем біріншілігінің жеңіс тұғырына көтерілсем деген арманын жүзеге асыра алмағанымен, Каринаның бұл ойына қол жеткізуі тек уақыттың еншісінде деген ойдамыз.

Өйткені, оның осы чемпионаттың жартылай финалында ақтық сынға өтуі үшін екі дүркін әлем чемпионын тізе бүктіруі бар болашағы алда екенін көрсетеді. Әуежайдағы жылы шырайлы қарсы алу да жерлес спортшыны жаңа жетістіктерге жігерлендіріп, жеңісті жолдарға бастай түсетіні анық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Суретте: әуежайдағы жерлес спортшы мен бапкерін қарсы алу сәті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар