Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үзілмеген үміттерді жалғайды - АРҚА АЖАРЫ

Үзілмеген үміттерді жалғайды

Ерекше балалардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда балаларға көмек көрсету, осы тұрғыда ата-аналарға кеңес беру үшін тиісті жағдайлар қарастырылған.

22 наурыз – жаңа жыл қарсаңында облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Жайлау шағын ауданында орналасқан №21 мектеп-лицейінде қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Нөгертаеваның қолдауымен инклюзияны қолдау кабинеті жұмысын бастады.

Білім алуда ерекше жағдайды қажет ететін балалар үшін инклюзияны қолдау кабинеттерінің маңызы өте зор. Себебі, мұнда олар жалпы білім беретін мектепке бейімделеді, әлеуметтенуге мүмкіндік алады.

Инклюзияны қолдау кабинетінде 21 ерекше балаға барлық қажетті жағдайлар жасалған, логопедтер сабақ өткізумен қатар, психологиялық қызмет жұмыс істейді, компьютерлерде сүйемелдеу ұйымдастырылған.

Алдағы уақытта кабинеттің ресми түрде тұсаукесері жоспарланып отыр.

Динара ҚОЖАБЕКОВА,
 №21 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
оқу ісінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар