Көкшетау қалалық мәслихаты төрағасы болып Дастан Әкімов сайланды

– Сегізінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 1-ші ұйымдастыру сессиясы өтті. Онда жаңадан сайланған депутаттарға төсбелгілер мен куәліктер табыс етілді, сондай-ақ Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы болып депутат Дастан Алтайұлы Әкімов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сессияда Көкшетау қалалық мәслихатының 4 тұрақты комиссиясы, олардың құрамы мен төрағалары бекітілді.

1. Бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия

Төраға: Сейдалин Нұрлан Абайұлы.

Комиссия мүшелері: Жұмабеков Фаим Маратұлы, Нұрымова Зәуреш Олжабайқызы, Топорков Олег Иванович.

2. Экология, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі комиссия.

Төраға: Жүсіпов Мереке Ертайұлы.

Комиссия мүшелері: Серғалиев Әлібек Сабыржанұлы, Тұржанов Рүстем Эрикұлы, Тоқтарұлы Дәулетхан.

3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия

Төраға: Мақышев Руслан Аманбайұлы.

Комиссия мүшелері: Жақсылықов Ерсайын Дулатұлы, Хасенов Ерлан Маратұлы, Сердалин Қанат Бауыржанұлы.

4. Депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, халық денсаулығы, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссия. Төраға: Есенова Гулаим Ерғалиқызы.

Комиссия мүшелері: Сабатаева Ғалия Зиябекқызы, Мұқатаев Рамазан Сапарұлы, Жақыпов Жанат Есенұлы.

Айта кетсек, Бейбіт Жүсіпов – Ақмола облыстық мәслихатының жаңа төрағасы.

Фото: kokshetoday.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар