– Петропавл қаласында адам саудасымен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыл Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингінде осындай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің интернет пен әлеуметтік желі арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды.
Осыдан кейін, ол әлгі қыздармен танысып, жұмыс табуға көмектесетінін айтып, Петропавл қаласына шақырып отырған.
Қыздар қалаға келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған.
Аталған схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде интимдік қызмекте пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатқан», — деді Шұғыла Тұрлыбек.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы 1-бөлігі бойныша тіркелді.
«Ал жәбірленуші қажетті көмек көрсету үшін арнайы баспанаға жіберілді», — деді ІІМ өкілі.