Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кітап –  ғажайып әлем! - АРҚА АЖАРЫ

Кітап –  ғажайып әлем!

Кел, балалар, оқылық!..
Ыбырай Алтынсарин.

Балалар кітабы апталығы – тағылымы мол, танымы зор, дәстүрлі іс-шара. Балалар әдебиеті мен оның кейіпкерлеріне арналған мерекелік іс-шаралар кешені  аясында жас оқырмандар ертегілер мен әңгімелер, өлеңдер, түрлі санамақтар оқып, үйреніп бір сөзбен айтқанда білімдерін толықтырып, кітап әлеміне бойлай түседі.

Таяуда Халықаралық балалар кітабы күніне арналған Станциондық  қалалық үлгілі кітапханасында «Кітап ғажайып әлем» атты библиофреш ұйымдастырылды. Алдымен іс-шарада оқырмандарға бұл мерекенің қалай пайда болғаны, оны қалай атап өту керектігі туралы айтылды. Түрлі-түсті бояуларға қанық, әдемі слайдтармен әспеттелген тұсаукесер барысында балалар көптеген жаңа авторлардың өмірбаяндары туралы мағлұматтар алды. Оқырмандар  сүйікті өлеңдерін оқып, ертегілер мен әңгімелер айтып берді. Іс-шараның  басты мақсаты да осыған саяды. Яғни, балаларды мүмкіндігінше жаңа кітаптармен, жаңа кейіпкерлермен таныстыру болып табылады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапханашы Р.К. Тұрлыбекова  оқырмандарды кітапхана қорымен таныстырып, кітап білім көзі екендігін баса айтты.  Балалар   кітабы  апталығы – жас оқырмандардың кітап әлеміне қызығушылықтарын арттырып, дүниетанымдарын кеңейте түсті. Балалар кітапханадағы кітап қорымен таныса түскен сайын, білім нәрін бойларына құйып, таным мен тағылым ала білді. Иә, шынымен де, кітапхана оқу және оқырмандар әлеміндегі үлкен оқиғалардың бастауы ғой.

Райхан ТҰРЛЫБЕКОВА,
 Станциондық қалалық үлгілі
кітапханасының кітапханашысы.

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.
Ахмет Байтұрсынұлы.

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Ыбырай Алтынсарин.

Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді.

***

Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ.
Мұхтар Әуезов.

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де, шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
Лев Толстой.

Жақсы кітап – ұяттың антологиясы.
Асқар Сүлейменов.

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.
Әбіш Кекілбаев.

Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді.
Асқар Сүлейменов.

Мәдениеттің мәйегі – кітап.
Шерхан Мұртаза.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар