Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту қалай жүргізілуде? - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту қалай жүргізілуде?

2022 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделділігін арттыру, атқарушы билік қызметін шамадан тыс заңнамалық реттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

Тәжірибе көрсеткеніндей, жыл сайын әрбір жаңа талаптарға байланысты мемлекеттік органдарда функциялар саны артуда. Осыған орай, мемлекеттік аппараттың жұмысында сөзбұйдалық пен төрешілдік көріністеріне жол бермеу үшін мемлекеттік органдардың уәкілеттілігіне кешенді талдау жүргізіп, олардың тиімділігін арттыру қажеттілігі бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады.

Өздеріңізге белгілі болғандай, агенттік және оның аумақтық бөлімшелері осы бағыттағы талдау жұмыстарын бастаған болатын. Оның аясында денсаулық сақтау, білім және еңбек салалары зерделенді. Талдау жұмыстары нәтижесінде департаментпен агенттікке 60-тан астам ұсыным жолданды.

Талдау және мониторинг жұмыстарына республика бойынша 2000-нан астам адам қатысқан екен, бұл іс-шараның қаншалықты маңызды және ұсынымдарды әзірлеу барысында азаматтық қоғамның, мемлекеттік органдардың пікірлері ескерілгендігін көрсетеді.

Ұсыныстар жұмыстың тиімділігіне, жедел шешімдер қабылдауға және сонымен бірге, шешім қабылдайтын лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылы бюрократиядан арылту жұмыстары сауда және қаржы салалары бойынша жоспарланған. Қазіргі уақытта осы салалардағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар арнайы әдістемеге сәйкес өзіндік ішкі талдау жүргізуде.

Сонымен қатар, белгіленген салалар бойынша талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы фокус-топтар мен жұмыс топтары құрылды.

Сондай-ақ, наурыз айында агенттік деңгейінде өңірлік жұмыс топтары мүшелерімен арнайы кеңес өткізіліп, атқарылатын жұмыс бойынша алгоритм, талдау әдістемесі мен жоспарлар талқыланды.

Талдау жоспарланған салалардың ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс топтарына сарапшылар, қоғам өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілері де тартылуда.

Жұмыс құрылымы күрделі әрі ауқымды болып көрінгенімен, мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралардың Президент Жарлығымен белгіленген мәннің нысаннан басымдығы, бастапқы бойынша цифрландыру, басқарушылық жауапкершілік, үздіксіз жетілдіру, регламенттеудің оңтайлылығы түріндегі бес қағидасы бар.

Сонымен қатар, Жарлықта көрсетілген бюрократиядан арылтудың бес қағидасы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды бюрократиядан арылту ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік аппараттың одан әрі даму бағытын да анықтайды деп ойлаймын.

Біз өз жұмысымызда дамудың іргетасын қалауға, өзекті мәселелерді шешуге, серпінді идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түпкілікті нәтижеге бағыт-бағдар қойдық.

Думан ӘБІЛЕВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар