— Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 8-де сағат 22:00 Целиноград аудандық ПБ-не Қараөткел ауылының тұрғыны хабарласып, 4 жасар ұлын іздеп табуға көмек сұраған. Ата – анасының сөзінше, бала сағат 17:30 үй ауласына ойнауға шыққан екен.
«Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын қолға алды, соның нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады», — деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суға батып кеткен трактордың жүргізушісі іздестіріліп жатқандығы жарияланған едік.