Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жасыл желек жайқалып, ел көркейіп, жер көгеріп тұрсын - АРҚА АЖАРЫ

Жасыл желек жайқалып, ел көркейіп, жер көгеріп тұрсын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен облыстық әкімдікте өткен кеңесте аумақтарды абаттандыру, тазалық жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және көгалдандыруға байланысты мәселелер талқыланды. Кеңес отырысына облыстық басқармалардың, департаменттердің, ведомстволар мен мекемелердің басшылары және бейнебайланыс арқылы аудандар мен қалалардың әкімдері қатысты.  

– Көшелер мен аулалардың қазіргі санитарлық жағдайы сын көтермейді, – деді Ермек Боранбайұлы. – Әрбір аула, үй маңындағы аумақ жайлы, таза болуы қажет. Ғимараттарға, қалалық және ауылдық инфрақұрылымның басқа да нысандарына іргелес аумақтарды тиісті түрге келтіру үшін ұйымдарды, бизнес субъектілерін тартуымыз қажет.

Жиын барысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев атап өткеніндей, облыс орталығының қазіргі санитарлық жағдайы  күннің тез жылынуы мен уақытылы қабылданбаған шаралардың салдарынан болып отыр. – Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін биыл жергілікті бюджеттерден 1,8 миллиард теңге бөлінді. Алайда Қосшы  қаласы мен Целиноград және Егіндікөл аудандарының әкімдіктері қаражат қарастырмаған, – деді ол.                                                                       Облыс әкімінің аталмыш өңірлерде қаражат неліктен алдын ала қарастырылмаған деген сұрағына бұл рәсім мәслихаттардың алдағы сессияларында ғана жүргізілетіні айтылды.

– Елорданың айналасындағы санитарлық жағдай көрер көзге сұрықсыз көрінеді. Қаншама қаражат бөлініп жатыр, соны дер кезінде өзекті мәселеге бағыттауды біліп,  уақытылы әрекет ете алмайсыздар. Ауыл аймақтардың жай-күйі тіпті сын көтермейді. Ақшаны уақытында бөлу үшін алдын ала қам жасамадыңыздар ма, өздеріңіз барып, қоқысты тазалаңыздар. Тазалық ел мен жердің келбеті, – деді Ермек Боранбайұлы.

Бұдан басқа, тұрғындардың жайлы тұруы, елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен балаларға арналған спорттық ойын алаңдарын орнату үшін бір миллиард теңге бөлінгені айтылды. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, бұл жұмыс 11 ауданда жоспарланып отыр, барлығы 43 алаң орнатылуы тиіс. Конкурстар жарияланды, бірақ келісім-шарттар тек екі жоба бойынша жасалды, алайда қаражат 2022 жылдың желтоқсанында бюджетте бекітілген, қарастырылған. Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, аудан әкімдіктерінің дер кезінде шешім қабылдамауының салдарынан 21 нысан бойынша сатып алулар енді ғана жүргізілуде. Бірақ, жұмыс  тиянақты орындалған болса,  спорттық ойын алаңдарын көктем-жаз мезгілінде орнатумен айналысуға болар еді.

– Қолда бар спорттық алаңдардың жай-күйін бір аралап, көзбен көріп, бақылап шықтыңыздар ма? Егер қолда барды күтіп ұстамасақ,  бізге не үшін жаңа спорт алаңдары керек? Облыс орталығында барлық гүлзарлар аянышты жағдайда: жарық жоқ, көп нәрсе сынған, істен шыққан жарамсыз күйде. Неліктен оларға ешкім қарамайды? Кез-келген нысанға күтім керек. Бұл спорт алаңдарына да қатысты. Біз ақша бөлеміз, содан кейін біз бір күндік фирмалар сияқты орнаттық деп кетіп қалуымыз керек пе? – деп қатаң ескерту жасады облыс әкімі сала башыларына.

Жиын барысында қалалық және ауылдық инфрақұрылымның аула аумақтарын жөндеу үшін бір миллиард теңге жоспарланғаны айтылды.

– Атбасар, Ақкөл аудандарындағы үйлердің қасбеттерін жаңарту қарастырылған. Бұл ретте облыстың барлық өңірлері көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу тетігін пайдаланбайтынын атап өткен жөн, – деді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы. Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізудегі құралдардың бірі басқарудың жаңа нысаны –  меншік иелерінің бірлестігіне толық көшу болып табылады, бұл кезде тұрғындардың өздері әкімдік ұсынатын абаттандыруды жақсарту жөніндегі шараларға мүдделі болады.

Өңіріміздегі өзекті  мәселенің бірі облыстың аудандары мен қалаларының аумағындағы стихиялық қоқыстарды жою. Өткен жылы мұндай полигондардың 389-ы анықталды. Ал, «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» акционерлік қоғамының ғарыштық мониторинг деректері бойынша 800-ден астам полигон анықталған.

– Өтініштердің көпшілігі Целиноград, Бурабай аудандарынан және облыс орталығының тұрғындарынан келіп түседі, – деп атап өтті Данияр Қуанышбаев. Айта кетейік, бүгінгі таңда ауылдық округ әкімдеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш, кәсіпкерлік субъектілеріне – 30-дан 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жаза қолдану функциялары берілген.

– Алайда, жергілікті атқарушы органдар бұл әдісті іс жүзінде қолданбайды, – деп атап өтті баяндамашы. – Өткен жылы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 7 мыңнан астам азамат тартылды.  Сондай-ақ, қалалар мен ауылдарды көгалдандыру мәселесі көтерілді. «AMANAT» партиясының жол картасы аясында облыс бойынша 95 мың ағаш отырғызу қажет. – Аудан әкімдері полиция қызметімен бірлесіп абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтаумен байланысты жұмыстарды байыпты қабылдауы қажет, – деп қорытындылады Ермек Маржықпаев. Облыс әкімі отырыста көтерілген барлық   мәселелерді облыстық басқармалардың, департаменттердің, ведомстволар мен мекемелердің басшыларына, сондай-ақ аудандар мен қалалардың әкімдеріне қатаң бақылауға алуды тапсырды.

                                                                                    Тамара САЛИМОВА,
Ұлмекен ШАМЕНОВА.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар