Ақмола облысында кәсіпкерлерге жарты жыл бойы қоқыс шығарғаны үшін негізсіз ақы есептелген

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне “Атамекен” ӨКП аудандық филиалы арқылы Атбасар қаласының кәсіпкерлері олармен тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету туралы жария шартты заңсыз жасасқаны үшін шағым түсірді.

Өткен жылдың қыркүйегінде қаланың коммуналдық кәсіпорны ҚТҚ жинау және әкету бойынша қызметтер көрсетуге арналған жария шартты жасап, баспа басылымына орналастырды. Осы құжатқа сәйкес 40-тан астам кәсіпкерлер көрсетілген шарттар бойынша қызметтер үшін төлеуге міндетті.

Алайда, Экологиялық кодекстің 367-бабына сәйкес тұрғын үйлерде немесе жеке ғимараттарда қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалармен және ЖК-мен жария емес, жеке шарт жасалады. Жария шарт тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғаларға ғана қолданылады.

Өз кезегінде, қоқыс шығаратын компания жария шарттың талаптарына сілтеме жасай отырып, кәсіпкерлерден соманы негізсіз өндіріп алды және жағдайды реттеу үшін тиісті шаралар қабылдамады. Айта кетейік, Атбасар ауданында қоқыс шығару үшін төлем облыстағы ең жоғары төлемдердің бірі болып қала береді.

Департаменттің бастамасы бойынша бұл мәселе облыс әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.

Өңірдің Антикоррупциялық қызметі, прокуратура, “Атамекен” ӨКП және Атбасар ауданы әкімдігінің бірлескен жұмысы шеңберінде бизнес субъектілері үшін ҚТҚ әкетуге туралы жария шарттың талаптары сот тәртібімен жарамсыз деп танылды.

Енді Атбасар кәсіпкерлері өз мүдделерін ескере отырып және тараптардың өзара жауапкершілігі шарттарында қоқыс шығаруға жеке шарттар жасай алады.

Фото: tengrinews.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар