Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне этнопедагогика элементтерін енгізу мәселесі талқыланды

Жалтыр ауылындағы №2 жалпы орта мектеп қабырғасында«Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне этнопедагогика элементтерін енгізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және ұлттық құндылықтарды сіңіру» тақырыбында  аудандық семинар  өтті. Семинарда білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, оқыту құралдарын, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып,функционалдық сауаттылықтарын арттыру  мақсатында ұжым өз тәжрибелерімен бөлісе отырып,жоғары деңгейде өткізді.

Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Құралай Сембекқызы, Самал Ғабдулманапқызы, Алтын Сейілқызы және ауылдық мектептерден келген мұғалімдер қатысты.

Келген қонақтарды ақ шаңқан киіз үйден ақ бауырсағы мен самауырыннан дәм татқызып, оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардан құрылған ұлттық аспапта күмбірлеген күймен қарсы алып, нағыз қазақ иісін аңқытты. Кіреберіс дәлізде мектеп ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері мен жұмыстарын көрсететін портфолиолары мен кітапшалардан тұратын галлереяны мектебіміздің тәжірибелі ұстазы педагог-зерттеуші және ғылыми-әдістеме жетекшісі Картабаева Б.К. таныстырып шықты. Сонымен қатар, әр ұлттың ұлттық дәстүрлері өз тілдерінде таныстырылып, оқушылардың өз қолдарымен жасаған бұйымдарының көрмесі қойылды.

Семинардың ашылуында мектеп директоры Ақ-Жұпар Серікбаева сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып, «Ел ертеңін тәрбиелеуші ұстаздар қауымы, еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында талмай еңбек етейік!», – деген сөздермен өз баяндамасын аяқтап, келген барша қонақтарға сәттілік тіледі. Ары қарай мектебіміздің жанынан құрылған «Әжелер клубы» мүшелері ақ тілектерін айтып, «Ахау керім» әнімен қонақтар көңілін бір көтеріп тастады. Семинар бағдарламасына сай Әбішева Ф.Т., Баймағамбетова Ж.А., Каратовская Л.Н., Халанская Е.Р., Әзімова Г.Е., Семья М., Дюсебеков К.С. сияқты ұстаздар педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибені жақстарту бойынша үлгілі сабақтарын ұсынды.

Сабақтарға қатысқан мұғалімдер жоспарлау, белсенді оқыту тәсілдерін қолданудағы өз білімдерін тереңдетіп, ұжымдық оқыту үлгісін көре алды. Сонымен қоса ашық алаңда ұлттық ойынымыз «Бәйге» жарысы ұйымдастырылып, ауыл  кәсіпкерлері Аязбек Музин және мектеп түлегі Мұратбек Байтұров мырзалардың  демеушілігімен шабандоз балаларға сый-сыяпат көрсетілді. Одан кейін  дайындалған дастарханда  дәмді түскі  ас беріліп,  ұлттық сусын қымыздан дәм тата отырып, ауылдың алты ауызы айтылып мерекелік көңілді отырыс, ізгі тілектермен ұласты.

Семинар  соңында әрбір сабақтар  жеке-жеке талқыланды. Атап айтар болсақ, этнопедагогика элементтерін енгізіп, функционалдық сауаттылығын жетілдіріп, сабақты қиыстырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сәйкестіріп  тамаша етіп өткізді  деген пікірлер айтылды.  Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қорытынды сөз алып, семинардың аяғында сабақ көрсеткен мұғалімдерге сертификаттар беріп, ұйымдастырушы тарапты марапаттап, келген қонақтарға алғыс білдірді.

С.Ибикенова, «Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ тәрбие жұмысы бойынша әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар