Көкшетауда ЖЭО салу неге созылып кетті

– Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Көкшетауда жылу электр орталығын салу мәселесі неліктен созылып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау жылу электр орталығына қатысты айтар болсам, конкурс екі рет өткізілді. Мемлекет орындалмайтын шарт қойып отыр, дейді. Мемлекет мемлекеттік мүддеге сай келетін шарттарды қояды», – деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар бірінші вице-премьер қазіргі уақытта жабдықтар бағасы күрт қымбаттап кеткендігін атап өтті.

«Дегенмен, белгілі оқиғаларға, логистикалық тізбектерге байланысты жабдықтар бағасының күрт қымбаттауын ескере отырып, техникалық-экономикалық негіздемені түзету талап етіледі. Бұл стансаны бюджет қаражаты есебінен де салуға болады. Бірақ, біз нарықтық қуаты бойынша жеке қаражат есебінен салғымыз келеді. Бұл жұмыс жүргізіледі. Меніңше, осы жылдың ішінде оны салатын компанияны анықтайтын боламыз», – деді Роман Скляр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар