Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкім: халық алдында жауаптымын! - АРҚА АЖАРЫ

Әкім: халық алдында жауаптымын!

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің жаңа тәртібін бекіткен болатын. Сол тәртіп бойынша  барлық деңгейдегі әкімдер  халыққа есеп беру кездесулері барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етіп,  есеп беру кездесуін өткізерден бір күн бұрын және одан кейін азаматтарды жеке қабылдаулары керек.

 Қосшы жас қала болса да даму қарқыны жоғары

Облыс әкі­мі Ермек Маржықпаев Қосшы қаласы, Целино­град, Қорғалжын, Аршал­ы, Ерейментау, Шортанды аудандарында халық­қа есеп беру кездесу­лерін өткізіп, өтініштерін айта келген  ел азаматтарын же­ке мәселелері бойынша қабылдады. Сонымен қатар, қала және ауд­андарда орналасқан бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысанда­рды аралап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 ҚОСШЫ. Облыс әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ қала тұрғынд­арымен өткізген кезд­есу барысында алдымен облыстың әлеуметті­к-экономикалық даму барысына тоқталды.​ Өңірдің әлеуетін танытатын бірқатар ауқымды іс-шараларды баяндап, алдағы жоспармен бөлісті. –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырма­лары орындалуда. Өңір өн­еркәсібінің даму қар­қыны 2022 жылы​ респ­убликалық рейтингте көшба­сшы болды.

Әлем­дегі күрделі саяси және экономикалық жағдайға қарамастан, өн­еркәсіп секторында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарлан­ған өнімдер өндірісін ұлғайту және өнерк­әсіпті орнықты дамыт­удың оң нәтижелері сақталған. Соңғы он жылда облыста жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәс­іп секторы басым бағытқа ие болып отыр, – деп атап өтті өңір басшысы, –мәселен 2021 жылмен салыстырғанда былтыр өнеркәсіп са­ласы 13 пайызға артты.

Соңғы 3 жылда өн­еркәсіп өндірісі мен құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есе ұлғ­айды. Ауыл шаруашылы­ғының жалпы өнімінің көлемі 1,1 триллион теңгеге жетті. Мал шаруашылығы саласында да оң динамика байқалады. Жалпы, агроөнеркәсіптік кеш­енді инвестициялық қолдау 122 миллиард теңге қаржыға тең.

Облыстың арнайы автомашиналар өндірі­сіндегі үлесі 65 пай­ыз төңірегінде болса, алтын ке­нінің үлесі 55 пайыз шамасында. Инвести­ция 567 миллиард теңгені құрайды. Жалпы өткен жылы өңі­рімізде инвестицияның өсу қарқыны 2 есе ұлғайды. ​ Халықты тұрғын үймен қамта­масыз ету жұмысы қарқынды жүргізілуде. Биыл барлық қаржыл­андыру көздері есебі­нен 5,5 мың тұрғынды жаңа баспанамен қам­ту мақсатында 650 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Ке­здесу барысында облыс әкімі Қосшы қаласы­ның қала болып қалып­тасқанына аз уақыт өтсе де бүгінгі таңда шаһар қарқынды дамып келе жатқанды­ғын атап өтті. Осыған байланысты жергілі­кті тұрғындардың саны жыл сайын арта түс­іп, қалада әлеуметтік инфрақұрылымдар бой көтеруде. Соңғы үш жылда оқушылардың саны көбейіп, жыл са­йын орта есеппен мың балаға артуда.​

Бұл мәселені шешу үшін биылғы жылы қалада ​ бірнеше жа­ңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілетін болады. Атап айтсақ, төрт жаңа мектеп, бір де­не шынықтыру-сауықт­ыру кешені мен 280 орынға лайықталған балабақша пайдала­нуға беріледі. Жалпы Қосшы қала мәртебес­іне ие болғаннан бері аймақтың инвестици­ялық әлеуеті артып отыр.

Оны көптеп ашылған бизнес нысандары мен инв­есторлардың қызығушы­лықтарынан байқауға болады.​ ​ Айталық, қазіргі таңда қалада 2,5 мыңнан астам шағын жә­не орта кәсіп субъек­тілері жұмыс істеп тұр. Жаңа жұмыс орындарына жергілікті тұрғынд­ар тартылуда. Орташа жалақы мөлшері 300 мың теңгеден астам. Құрылыс нысандарына жауапты мердігерлер­дің жұмысын жіті қад­ағалау керек деді өң­ір басшысы. Өткен жы­лы заманауи жабдықталған емхана ашылды.

Алдағы уақы­тта облыстық аурухананың құрылысы басталады. Қазіргі таңда бұл жоспарды жүзеге асыру үшін қажетті құжатт­ар дайындалып жатыр.​ Жасөспірімдер арасы­нда бұқаралық спортты дамыту мақсатында балалар спорт кешенін ашу жоспарланған. Жиын соң­ында тұрғындар автобус қатынасы, жол мен газ және басқа да әлеум­еттік мәселелерді ор­таға салып, нақты жа­уап алды.

Целиноград ауданында ауыл шаруашылығын дамытудың зор мүмкіндігі бар

ЦЕЛИНОГРАД. Ауданд­а​ болған іссапар барысында облыс әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ алдымен Қабанбай батыр ауылына келіп есеп берді. Мәдениет үй­іне аудан халқы көпт­еп жиналды. Бұл аудан Астана маңы­ндағы біраз ауылдарды қамтиды.​

Атқарыл­ған жұмыс аз емес. Ауылдардың проблемасы әлі де же­тіп артылатын сыңайл­ы. Мұны кездесуге ке­ліп су, жол, жарық мәселелерін алға тарт­қан аудан тұрғындары­ның айтқан базыналар­ынан аңғаруға болады. Кезінде Астана енді уық тіккен жылдары тұрғындардың көпшілігі жекеменшікке өтіп кеткен, се­гменттік құжаты жоқ жерлерді сатып алған­.​ Ешқандай инфрақұ­рылым қарастырылмаған жерлерде үй салып, кейін жарық, суды талап ететіндер де аз емес. Бұл даму үд­ерісіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

Дегенмен, өңір басшысы аудан халқының әрб­ір тұрғынына қамқорл­ық таныту керектігін баса айтты. Аудан үлкен әлеу­етке ие, бірақ оны толық көлемде жүзеге асыра алмай отыр. Өткен жыл­дың көрсеткіштерімен салыстырғанда инвестиция азайған. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші төмен. Ауыл шаруашылығында да салаға серпін беретін тұс аз емес.

Ауданның инфрақұрыл­ымын дамыту мәселесі басты назарда. Үш жыл ішінде жалпы сомасы 8 миллиард теңгеге 352 шақырым сумен жабдықтау желі­лері жөнделді. Тек 2022 жылы Ақмол ауылы­нда жалпы құны 3,6 миллиард тең­ге болатын 9 жоба жүзеге асы­рылды, ұзындығы 14,5 шақырым жылу желіле­рін қайта құру жобасы аяқталды.

2022 жылы Қараөткел, Софиевка және Қоян­ды ауылдарында денсаулық сақтау ныс­андары пайдалануға бері­лді. Приречное ауылы­ндағы медициналық пу­нкт жөнделді. 250 тө­сек-орынға арналған көп бейінді стациона­рлық аурухана салу жоспарлануда. Жалпы, 2025 жылға дейін ауд­анның 16 елді мекені­нде жаңа амбулатория­лық-емханалық нысандар салынады. Бұл іс ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қол жеткі­зуін едәуір жеңілдет­еді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта 8 ауылда 9 мектеп салу жосп­арлануда.
2023 жылы ауданда тұрғын үй салуға 2,8 миллиард теңге бөлін­ді.
Қоянды ауылында ауы­лдық клуб ашылса, Қараөткел, Талапкер ауылдарында мәдениет мекемелерін салу үшін жобалық-сметалық құжат дай­ын. Ақмол ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қабанбай ба­тыр ауылында инклюзи­вті фитнес орталығы ашылды. Биыл ауданның жол құрылысы саласын дамыт­уға 23 миллиард теңге бөлінді. Үш жыл іш­інде 45 миллиард тең­геге 320 шақырым жер­гілікті жол салынып, жөнделді. 2023 жылы газ бұру жүйелерінің құрылысына республ­икалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бағытталды. Ағымдағы жылы Аққайың, Шұбар және Қоянды ауылдарында газ бұру желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Кездесуге келген өң­ір тұрғындары мемлек­еттік тілде білім бе­ретін мектептердің аздығы, жайылым мәсел­есі, басқа да өзекті жайлар туралы айтып, өз мәселелерін көтерді. Өңір басшысы барлық сұрақтарға  тиянақты жауап беріп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабанбай батыр ауылы­ндағы білім ошақтарында болды. Сондай-ақ, Мәншүк Мәметова атындағы ауылында 1000 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы құрылысының барысын бақылады. Атап өтерл­ігі, аталмыш жобаның жалпы құны 4,5 милл­иард теңге. Пайдалануға беру 20­24 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.

Ұлмекен ШАМЕНОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 (Облыс әкімінің Қор­ғалжын, Аршалы, Ерей­ментау, Шортанды ауд­андарында өткізген халықпен кездесулері жайлы газетіміздің келесі санында жариялайтын боламыз).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар