Жұрт көңіліне қонған жәрмеңке

Көкшетау қаласында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарларының жəрмеңкесінде 69,6 миллион теңгенің 70 тонна азық-түлік өнімі саудаға шығарылды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жәрмеңкені аралап көріп, азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.

– Бұл биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі. Тоқсан алты ауылшаруашылық тауар өндірушілері 20 тоннадан астам ет, 5 тоннадан астам сүт, жарты миллионға жуық жұмыртқа тәрізді көптеген өнімдерді әкелді. Бағаларын өздеріңіз көріп отырғандай, нарық пен сауда желілеріне қарағанда 10-15 пайызға төмен, – деді облыс басшысы.

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған бұл жолғы жəрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Біржан сал, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандарының және Көкшетау қаласының, сондай-ақ «КОКЅНЕ» ӘКК ҰК» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi қатысты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеге барлығы 69,6 миллион теңгеге 70 тоннадан астам өнім әкелінген.

– Қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің 40-тан астам азық-түлік түрлері, оның ішінде ет, ұн, сүт өнімдері мен балық, жұмыртқа, қант, күнбағыс майы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан ұсынылуда, – деді ведомстводан.

Сонымен бірге, жәрмеңкеде Ақмола облысының үздік көркемөнерпаз ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар