Көкшетауда жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысты

Сенбілік барысында көшелер, тротуарлар, аулалар, арықтар мен канализациялар тазартылды, саябақтардағы жасыл желекті күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді.

Мердігер ұйымдар Абай, Әуелбеков, Әуезов, Қанай би, Назарбаев, Ақан сері, Әшімов, Кенесары көшелерінде, Көктем, Сарыарқа ықшам аудандарында тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Сенбілік аясында Абай көшесі бойындағы Досмағамбетов атындағы саябақты, Орталық саябақты, Даңқ аллеясын, Тәуелсіздік алаңын, Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің аумағын және қаланың басқа да бөліктерін қоқыстан тазарту шаралары ұйымдастырылды.

“Көкше Тазалық” және “Зерен Плюс” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мемлекеттік және бюджеттік ұйымдарға 600 дана ыдыс-қап және ағаштарды әктеуге арналған әк тарату ұйымдасқан шарасын өткізді.

“Тазалық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қала көшелерінен қоқысты шығаруға 19 жүк көлігін жұмылдырды. 9 бірлік техника 11 қоқыс контейнерлері алаңдарын қоқыстан тазартуға тартылып, 16 рейс жасады. Контейнер алаңдарын қоқыстан тазартуға тіркемесі бар 2 КамАз, тіркемесі жоқ 8 КамАз, 3 Зил, 2 тиеуіш, 2 грейфер жұмылдырылды. “Зерен Плюс” ЖШС 17 бірлік жүк көлігін, 4 бірлік арнайы техника мен жеке құрамын қала көшелерін тазартуға жұмсады.

Сонымен қатар 17 бірлік жүкті өзі аударғыш техника, 7 тиегіш тартылды. Коммуналдық кәсіпорындар 8 мың тонна қоқыс шығарды.

Сенбілік соңында “Көкше Тазалық” пен “Зерен Плюс 2006” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қала көшелері мен қызмет көрсету аумақтарынан жол жиегіне жиылған қоқысты шығару жұмыстарын жүргізді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар