Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді танытқан ер - АРҚА АЖАРЫ

Елді танытқан ер

Қазақ халқында «Кісі» деген сөз бар. Бұл сөздің ерекшелігі қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген сенімінен туындаған деп ойлаймын. Мысалы сырттан келіп есікті қаққан танымайтын  адамды «бір кісі келіп тұр» деп, төрге шығуына мүмкіндік береміз.  Яғни, танымайтын адамның өзіне «кісі» деген тамаша теңеумен атаймыз. Сөйлесе келе ол кісінің«кісілік келбеті» ашыла бастайды. Сол секілді қазақтың тамаша тағы бір қасиеті, қандай жан болмасын, жақын тартып, тез сұхбаттасып, «тамыр»,  «бауыр» болып, туыстай, бұрыннан танитын достай араласып   кететіні бар.«Дос» демекші, осы достықты біз қалай бағалап жүрміз?

Менің өмірдегі достыққа адал, кісілік келбеті тамаша жан ретінде таныған кісім – Мұрат Қажы Ыдырысұлы деп сеніммен айтар едім. «Абылай ханның қара жолы» атты экспедицияның солтүстік өңірінен оңтүстікке қарай сапары басталыпты деген ақпаратты жаңалықтардан естіген күннен бастап, осындай өнегелі істі ұйымдастырушы кім екен деген сұрақ мазалап, нәтижесінде 2020 жылы күзде «Абылай ханның қара жолы экспедициясының Түркістанға екінші сапарында арнайы танысуымның сәті түсті. Сол кезден бастап Мұрат Қажыны мен ел-жұртқа жанашырлығы басым, Отанын шын сүйіп, бағалайтыннағыз патриот тұлға ретінде тани бастадым. Кісілік келбетінде міні жоқ азаматты ел-жұртыда жоғары бағалайтыны анық. Осы тұста ел арасындағы тараған «Кіммен араласу маңызды»  атты мына бір мысал әңгіме есіме түсті:

…Құмның тек өзін ғана қолданса адамға аса пайдалы бола қоймайды, сол секілді цементтің де жеке өзін ғана қолдана алмайсыз, ал осы құм мен цементті араластыру арқылы адамның пайдасына асатындай әжептәуір құрылыс материалы шығады. Мысалы, күріштің жеке өзі пайдалы зат, сонымен бірге, бензин де сапалы зат, бірақ екеуін араластырса ештемеге қажет болмайтын жарамсыз затқа айналады. Демек, сапалы немесе жарамсыз зат болу маңызды емес, маңыздысы сіздің кіммен араласқаныңызда! Қазіргі қоғамда орынсыз достасуға болмайды. Әр күні сізбен табақтас болғандардың шын дос болуы екіталай. Әрдайым сізбенкүнделікті бірге жүріп-тұратындардың да өмірлік дос болуы неғайбыл. Сондықтан да өмірде мынадай төрт түрлі адаммен достасқан маңызды екенін білген дұрыс:

Сізді түсінетін адаммен дос бол. Сіздің жолыңыз болмай қиналған шақтарда жаныңнан табылып, сізді жұбатады, көмектеседі;

Оң энергиялы адамдармен дос бол. Көңілің босаңсыған кезде ол сізге серік болады, сізді жігерлендіреді;

Сіз үшін жол нұсқайтын адаммен дос бол. Ондай кісі сіз үшін өз еркімен сіздің жолыңызға барын салады. Сіз үшін батпақтардан өтіп, тұмандарды сейілтеді;

Сізге сын айта алатын кісілермен дос бол. Ол сізді үнемі бақылауда ұстап, ескертулер беріп, әркез сіздің кемшілігіңізді байқауыңызға көмектеседі. Ақылмен ойлап қарасаңыз, байлық адамға ешқашан дос болмайды, керісінше досы көп адам өмірдегі бай адам деп есептеуге болады. Демек, кіммен дос болуың сіздің кімдермен ұқсас болуыңызды көрсетеді.Тек дос пен араласатын ортаны таңдауда адасып, қателеспеу қажет!

Жалпы, 2021 жылғы «Абылай ханның жорық жолдары, Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» атты Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан,Жетісу өңірлеріне жасалған  14 күндік экспедиция сапары барысында және 2022 жылғы Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Ұлық Ұлыс хандары жолымен» атты тарихи-танымдық  14 күндік экспедиция барысында еліміздің солтүстік, батыс өңірлеріне жасалған сапарларда Мұрат қажы ағаны тереңірек тануға мүмкіндіктер туды.

Сапар барысында Мұрат қажының кісілік келбетінің жан-жақты қырлары танылды. Ең алдымен ұзақ сапарға шығатын кісілерді таңдап, олардың жол бойындағы атқаратын қызметтерімен таныстыру, сапарға қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, тағы басқаұйымдастырушылық  қыры, екіншіден, қырағылық, алдын ала жоспарлау қабілеттілігі баурады. Сапар барысында қандай тиімді жолдарды таңдауға болады, қандай кісілерден толыққанды мәліметтер алуға болады, міне, осылай жол таңдауда да қабілеттілік қасиеттерінің басымдығы көзге айқын көрініп тұрды.

Үшіншіден, кішіпейілділігі, яғни, кез-келген жанға, әсіресе, жастарға өнегелі, ағалық, аталық ақыл-кеңесін, парасаттылық,үйретушілік, кесімді сөзді айта алу қабілеті де жоғары. Әсіресе, әркімнің өз орнын, қай кезде сөзге араласуға болатынына икемдеп отыру қабілетін бөле-жарып атауға болады.

Жеке басының келесі қасиеттерін былай сипаттауға болар еді: төртіншіден: имандылығы. Қанша жол ұзақ болса да, шаршайтын, уақыттың қысылтаяң кезеңдерінде, барлық кезде, өз уақытында намаздары мен Аллаға құлшылық жасау әрекеттері мен имандылық парасатымен үлгі көрсете білу қабілетінің басымдығы.

Бесіншіден,көшбасшылығы. Қандай орта болса да, орынды сөйлеуі, басқалардың орынды пікір айтуына мүмкіндік беруі, барлық сапарластарына бірдей қамқорлық таныта білуі және сырласа білуі, қысылтаяң кезеңде тез тиімді жолды таңдай алу қабілетінің жоғарылығы.

Алтыншыдан,табандылығы. Барлық істің өз уақытымен, жүйелі жасалуына, жоспар бойынша іс-әрекет жасауда ауытқу, адасу, кері қайту, тағы басқа кемшіліктердің болмауына қатты көңіл бөлетіндігі және барлық істі алдын-ала пысықтап алатындығы, талап қоя білетіндігі тамаша қасиет.

Жетіншіден, патриоттылығы. Елжандылық, елтанушылық, өлкетанушылық қабілеттерінің және салыстырмалы талдаулар жасауға үйлестірушілік қабілеті мен әрбір табылған жаңа мәліметке мұқият сараптама жасай алу, жасалған әрбір ізгі істің нәтижесінің ізі ретінде кітап дайындау қабілеттерінің жоғарылығы.

Осы сапар барысында Кекіліксеңгір тауы етегінде Кенесары қайтқан жерге ескерткіш тас қойылды

Ең басты қасиеті, жаны таза жандармен досбола алу қабілетін де атап өту керек. Достарының шынайы қамқорлығы, әрқашан демеу беруі, құрметтеуі, үнемі хабарласып қал-жағдайын біліп, мәселелер бойынша кеңес беруі, түзу жолды нұсқап, әрқашан жаратушы Алланы еске алып отыруына ықпал жасауы, міне бұл нағыз дос таңдауда жаңылмағанының дәлелі.

Мысалы, Мұрат қажының сапарды алдымен құрбандық шалып, Көкшетаудың орталық мешітінде ас беру ниетімен бастауына ықпал етіп, үнемі қолдау білдірген дос-жаран, жақындарының жақсы тілекпен бата беріп, достық ниет-тілектерін аянбауы ең ізгілікті достықтың нышаны екені даусыз. Арнайы Көкшетау қаласының Абылайхан алаңында күнжексенбіболғанына қарамастан, сәттілік тілеу жиынын жасап, шығарып салуы кезеңінде белсенділік танытқан осы достарының қарасы көптігімен ерекшеленді.

Сонымен бірге, әрбір елдімекен, қала маңындағы тарихи орындармен таныстыруда арнайы құрдас, жанашыр дос пейілді азаматтардың күтіп алып, қонақ етіп, жол көрсетіп жіберудегі ізгілікті істеріне тәнті боласың.  Сондай ізгілікті істер жасауда маңғыстаулық Раббим Бораш атты абзал азаматтың Мұрат қажының отбасымен араласатын досы ретінде үш күн бойына үйінде, қонақ үйде және тарихи орындарда барынша қамқорлық танытып, бірге өз көліктерімен қамтамасыз етіп, жол басшылық жасап, ең көрікті, ең таңдаулы, ең танымал, ең тарихи, ең киелі жерлермен толық танысуға барынша мүмкіндік жасап, шығарып салып, келесі Атырау облысы аймағына төте жолдармен баруға бағыт беріп жіберген ізгі, игілікті істері ұрпаққа өнеге боларлық тамаша мысал.

Раббим Бораш мырзадай азаматтық өнегесімен достықтың киелі үлгісін көрсеткен жандар осы жолы өте көп болды. Мысалы, Атбасардағы Еңбек Омаров, Арқалықтағы Шөптібай ата, Жақсыдағы  Қабиболла Шаяхметов, Оралдағы Қайрат Құрмашев, Қанат Берсебаев, Атыраудағы Әлішер Жуасбаев, «Қараман ата» мешітінің имамы Ерлан Санжар, Қостанайдағы жомарт жандар Бақытжан Тілеубаев пен Мұхтар Оджахвардиев, Сырымбеттегі Амангелді Нашарбеков, тағы басқаларын ерекше атауға болады. «Дос»  деген киелі сөз екен. Киелілігі сонда, адамның адамшылығы досының құрметінен байқалады емес пе? Шынайы, риясыз пейілмен достықтың үлгісін сен өзгеден сұрамайтының анық.

Ол тек ниетпен берілетін ыстық қасиет. Осындай достықтың тамаша үлгісін көрсете алған Мұрат қажы ағаның жеке тұлғалық арнайы сөз етуге сұранып тұрғандай. Егер сенің өзің жан-жақты жетілген, кемелденген тұлға болсаң ғана сенің айналаң адал достарға толатынына көзім жетті. Алмағайып заман, өтпелі кезең, көрші мелекеттерде дүрдараздық соғыс болып жатқан мезгілде ел тану, жер тану, елдіктің киелі құндылықтарын іздеу сапарын ұйымдастырып, сапарластарына кісіліктің тамаша үлгі-өнегесін көрсете білген белгілі тұлғаға айтар алғысымыз шексіз. Ел тарихы, өлкетану тарихы саласына өлшеусіз үлес қосқан, болашақта да өз үлесін қосатын тұлға – Мұрат қажы Ыдырысұлына Алладан текаман-саулық пен абыройлы, бақытты ғұмыр тілеймін.

Құралай ӘПЕТ,
«Абылай ханның қара жолы» тарихи-танымдық экспедициясының мүшесі,
2015 жылдың үздік педагогы, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.

Түркістан облысы.

(Арнайы «Арқа ажары» газеті үшін жазылды).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар