Басты мәселе – аудан  инфрақұрылымын жетілдіріп, дамыту

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданының тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті және аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс барлық саланы қамтиды

Облыстың ірі астаналық аудандарының бірінің басымдығы инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Аудан халқының сумен қамтамасыз етілуі 94 пайызды құрайды. 2023-2025 жылдары 6 ауылдық елді мекенде ауыз сумен жабдықтау желілерін салу және 3 блок-модуль орнату жоспарлануда.Биыл Қараөткел ауылында су құбыры желілері мен Нижний Романов кен орнынан Қосшы қаласына дейінгі су құбырын, сондай-ақ, Нұресіл және Аққайын, Софиевка Тайтөбе ауылдарында және Родина ауылында су құбыры желілерін салуға және реконструкциялауға қаражат көзделген.

Ақмол ауылында жылумен жабдықтау жүйесінде ұзындығы 14,5 шақырым жылу көзі мен жылу желілерін қайта жаңарту жобасы аяқталды. Жобаны іске асырудың арқасында орталықтандырылған жылытуға төрт шағын аудандағы 300 жеке үйдің тұрғындары қосылды.

Сондай-ақ, Аққайың, Шұбар және Қоянды ауылдарында газ тарату желілерінің құрылысы жүріп жатыр. 2023 жылы аталған жобаларды іске асыру 20 мыңнан астам адамның табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елорда маңындағы 4 елді мекен – Талапкер, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин, Қаражар ауылдарын газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды.

Елді мекендерді электрмен жабдықтау бойынша Қоянды, Қараөткел ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің екінші кезектерін, Ақмол, Қаражар (2 кезек) ауылдарында жаңа құрылысқа арналған желілерді салуға қаражат бөлінді.

–Бұл шаралар ауданның ауылдары мен кенттерінде жылу мен электрмен жабдықтау сапасын едәуір жақсартады, – деп атап өтті облыс әкімі.

Үш жыл ішінде 320 шақырым жол жөнделді

Целиноград ауданының тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі 2020 жылдан 2022 жылға дейін ауданда осынша шақырым жол жөнделгенін айтты.

–Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін үш еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы серпінді сақтау және ағымдағы жылы ауданның тағы 100 шақырымға жуық жол желісін жақсарту жоспарлануда, – деп атап өтті өңір басшысы.

Өткен жылы 170 шақырымжол асфальтталды, оның 160 шақырымы кентішілік және 10 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.Қазір ауданның 16 ауылдық елді мекеніндекентішілік жолдары толығымен төселген.

Бұл ауқымды жұмыс биыл да жалғасады. Бірлік ауылындағы кірме жолды күрделі жөндеуге, аудандық маңызы бар «Воздвиженка – Зеленый Гай» автомобиль жолын орташа жөндеуге және жолдың көпір құрылысын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, Алтынсарин, Софиевка, Өтеміс, Төңкеріс, Қажымұқан, Аққайың, Қараөткел және Қабанбай батыр, Қошқарбай, Қызылжар, Қызылсуат ауылдарында кірме жолдары бар кентішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізілетін болады.Бұдан басқа, Родина ауылына кіреберіс автомобиль жолында Есіл өзені арқылы өтетін көпір және Ақмол, Қараөткел және Талапкер ауылдарында көше-жол желілерінің құрылысы басталады.

Облыстық жолдарда ұзындығы 23 шақырым болатын Қабанбай батыр – Жаңғызқұдық – Оразақ» автожолындағы су өткізу құбырын қайта жаңарту және Астана қаласының Шығыс айналма жолы – Сарыоба автомобиль жолын күрделі жөндеу жоспарланған.

Жаңа мектептер мен ауруханалар салынады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев аудан халқымен кездесуінде сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік нысандарын жақсартуға және дамытуға көп көңіл бөлінетінін айтты. Ауданда тек 30 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға ғана 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.Биыл Ақмол ауылында халыққа қызмет көрсету орталығы әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталады.

Тұрғын үй құрылысы саласында тұрғын үйлер салу жоспары 162 мың шаршы метрді құрайды.Сондай-ақ, аймақ басшысы жеке тұрғын үйлер бойынша құрылыс жұмыстары мердігерлер тарапынан міндеттемелердің бұзылуына байланысты кешіктірілгенін атап өтті.

Білім беру саласында 2019 жылдан бастап 8 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде өткен жылы Абралы, Төңкеріс, Раздольное ауылдарында салынған 3 мектеп бар.

Жаңажол, Өтеміс, Шұбар ауылдарында тағы 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қоянды ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды, Қараөткел ауылында балабақша салынуда. 11 жаңа автобус сатып алумен балаларды тасымалдау үшін көлік тапшылығы мәселесі жабылды.

2025 жылға дейін «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы аясында ауданда сегіз елді мекенде 9 мектеп салу жоспарлануда.Биыл үш мектепте және бір балабақшада күрделі жөндеу жүргізуге қаражат қарастырылған.

Денсаулық сақтау жүйесі өткен жылы Қараөткел, Софиевка ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялармен, сондай-ақ, Қоянды ауылындағы отбасылық денсаулық орталығымен толықтырылды.

Қоянды ауылында 100 адамға арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталды, аудан орталығында 250 төсек-орынға арналған көпбейінді стационарлық аурухана салу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойып отырған тапсырмасын орындау аясында 2025 жылға дейін ауданның 16 ауылында жаңа амбулаториялар мен емханалар салынатын болады.

Мәдениет саласындағы жұмыстарға келсек, Қояндыда ауылдық клуб ашылды. Сондай-ақ, Қараөткел, Талапкер, Қоянды ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Жаңа Есіл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, биыл Ақмешіт, Нұресіл ауылдарындағы мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Родина ауылындаденешынықтыру-сауықтыруорталығын салу жұмыстары дабасталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар