Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

2023 жылғы 28 сәуірде Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Болатқызы Сүлейменованың Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Ақмола облысы Степногорск қаласында өтеді. Кездесу өтетін уақыты мен орыны қосымша хабарланатын болады. Онлайн көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ақмола облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8(708)132-78-66 және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өтеді.

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 708 132-78-66 арқылы хабарласуды сұраймыз. Жеке қабылдауға жазылу 2023 жылдың 26 сәуір3не дейін жүргізіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар