Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вице-министр және комитеттер басшыларымен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Вице-министр және комитеттер басшыларымен кездесті

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Әбілқайыр Ошақбаев Егіндікөл және Атбасар аудандарының белсенділері, «Тіршілік 2023» ҚБ төрағасы Е.Серікбаев және шаруа қожалығының басшысы М.Қозбағаровпен бірге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барып қайтты.

Оларды экология вице-министрі Н.Шарбиев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары А.Ким, Су ресурстары комитетінің төрағасы Н.Алдамжаров және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы А.Әбдірахманов қабылдады. Кездесу барысында Ақмола облысы Егіндікөл ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

–Бұл мәселе 20 жылдан бері шешімін таппай келеді. Адамдар ауылдардан кетіп жатыр, халықтың көшуі жыл сайын арта түсуде. Болашақта, егер мәселе шешілмесе, ауылдарда адам қалмайды деген қауіп бар. Аудандағы халық саны 1991 жылмен салыстырғанда үш есе азайған. Осыған себеп болып отырған ауыз су мәселесін жедел шешу үшін біз ауданда төтенше жағдай жариялауды ұсындық. Бізді вице-министр Н.Шарбиев пен су ресурстары комитетінің төрағасы Н.Алдамжаров қолдап, төтенше жағдай жариялаужергілікті атқарушы органдардың құзыретінде екенін түсіндірді.  Екпінді жою үшін Нұра топтық су құбырына қосымша техника мен қаржы бөлуге уәде берілді»,– деп ой бөлісті А.Ошақбаев.

Сонымен қатар, белсенділер министрлік алдында киіктер санының өсуіне байланысты мәселені көтерді.

–Дәнді дақылдар алқаптарына қатысты киіктер мәселесіне келетін болсақ, олардың санын шектеуге мораторий болғандықтан, «Охотзоопроммен» бірлесіп жедел штаб құру туралы шешім қабылданды. Бұған қосымша техникалық және адами ресурстар бөлінетін болады.  Әрине, бұл мәселені осыменшешуіміз екіталай.Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге көмек көрсеткісі келмейді. Қанша еңбек пен шығын кетті, несиелер бар. Мен бұл мәселелердің шешімін тек киіктердің санын реттеу арқылы ғана көріп отырмын. Егер өткен жылы олардың саны 1,5 миллион болса, биыл екі есеге артады. Үкімет бұл мәселелерді шешуі керек, бірақ,фермерлер есебінен емес, – дей келе, жалпы вице-министрмен кездесу сындарлы болғанын қоса кетті А.Ошақбаев.

Ол мұнымен тоқталмай, жақын арада Экология және табиғи ресурстар министрі З.Сүлейменовамен кездесуге ниетті.

Қарлыға Мұхатаева,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар