Жаңа жобаның тұсауы кесілді

Жуырда «Әділетті Қазақстан – қоғамдық сананы қалыптастыру» жобасы өз жұмысын бастады. Орталық еліміздегі әлеуметтік және саяси жағдайларды түсіндіріп, ақпараттық жұмыстарды жүргізетін болады.

Осыған орай,алғашқы көшпелі отырыс Зеренді ауданында бастау алды. Іс-шараға Зеренді ауданы Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Ерлан Қожабеков, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Бизнес және Құқық жоғарғы мектебі құқық  кафедрасының лекторы, заң ғылымдарының магистрі Ерлан Наурызбаев, Ақмола облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің сарапшысы Серік Құрмансейітов және кеңесші-заңгер Бақытжан Мұқанов,  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, облыстық «Асыл аналар» және «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестіктері төрайымының орынбасары, қыздар клубының жетекшісі Айнұр Жахина қатысты.

Шара барысында көкейкесті мәселелермен ұсыныстар талқыланды.Отырыс соңында «Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы Айдын Раисовүздік қолөнер шеберлерінАлғыс хат және естелік сыйлықпен  марапаттады. Сол күні Зеренді ауылы коворкинг орталығында ауданның NЕЕТ жастарымен, қоғам  белсенділерімен декездесу өтті.

Шара барысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  мамандары өз  кеңестерімен бөлісіп, нетворкинг алаң ұйымдастырылды. Кездесу аясында тақырыптық дискуссия мен жастарға арналған жаңа жобалар және бағдарламалар таныстырылды.

Кездесу барысында Зеренді жастарының қолөнер көрмесі ұсынылды.Мұнда да қолөнер шеберлеріМейрамЖүрсінов, ЖұлдызайЕрғалиеваға қоғамдық даму орталығы Алғыс хаты және естелік сыйлығы табыс етілді.

Іс-шараға Зеренді ауылдық округінің  әкімі  Нұртас Әбуғалиев қатысып, ауданорталығындажаңа құрылған бірнеше бизнес нысандарымен таныстырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар