Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қақтығыс пен дағдарыс кезіндегі журналистика - АРҚА АЖАРЫ

Қақтығыс пен дағдарыс кезіндегі журналистика

Төтенше жағдайлар, атыс, әскери техниканың жұмылдырылуы және дабыл дыбыстарының шығуыжағдайында Шымкент қаласының «Ақтас» полигонында «Найза-Антитеррор-2023»республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін семинар өтті.

Іс-шараға 30-дан астамадамқатысты. Олардыңарасындаредакторлар, корреспонденттер, телеоператорларболды. Бәрі Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Террористік қауіп жағдайындағы журналистика» атты екі күндік іс-шараға қатысу үшін келді. Семинарда арнайы тілшілер терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақтағы оқиғаларды жариялауға дайындау, сондай-ақ, теориялық білім мен дағдыларды тәжірибеде қалай пысықтау керектігін үйренді. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Терроризмге қарсы орталығы штабының басшылығы өзінің құттықтау сөзінде қазіргі жағдайда терроризмге қарсы іс-қимыл ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылатынын атап өтті.

−Қазіргі уақытта терроризм мемлекет дамуының көптеген маңызды аспектілеріне теріс әсер ететін ірі әлеуметтік проблемаға айналды. Біз терроризмге қарсы іс-қимылдың ең өзекті міндеттеріне және бұқаралық ақпарат құралдарының осы процестердегі рөлін күшейтуге арналған осындай өкілді іс-шара ұйымдастыруға қуаныштымыз. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта салалық журналистиканың дамуына зор үлес қосатынына сенім мол, −деді Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы Сергей Швейкин.

Семинар аясында «Дағдарыс жағдайларының ерекшеліктері»,«Дағдарыс жағдайларын жариялаудағы журналистердің рөлі», сондай-ақ,«Терроризмге қарсы операция барысында БАҚ өкілдерінің құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен ситуациялық ден қою және өзара іс-қимыл алгоритмі» сияқты бағдарламалар ұсынылды. Теориялық бөлімнен кейін тілшілерде  әртүрлі арнайы операциялар жағдайына нақты бойлау мүмкіндігі пайда болды.Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының қызметкерлерімен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп, журналистер елді мекенде террористерді бейтараптандырудың куәсі болды.

Әрі қарай ұйымдастырушылар шығармашылық сала қызметкерлерінің басып алу және тұтқындау жағдайында кәсіби әрекет етуге дайындығын тексерді. Іс-шара соңында қатысушыларға семинардан өткені туралы куәлік табыс етілді. Өз кезегінде БАҚ өкілдері семинарды ұйымдастыру мен өткізу сапасына жоғары баға берді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Антитеррорлық орталығының штабы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар