Жол бойындағы қауіпсіздік – адам өмірін сақтау деген сөз

Жол-көлік оқиғалары адамдардың денсаулығы мен өміріне төнетін маңызды қауіптердің бірі болып табылады. Осындай бақытсыз, қайғылы жағдайлардан бұл күнде қанша адамдардың өмірі қиылып жатыр. Сондықтан, бұлмәселе әрқашан да өзекті.

Статистикалық деректерге сәйкес, Ақмола облысындағы көлік оқиғаларының саны 2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 36,6 пайызға (153-тен 97-ге дейін) төмендеді. Бұл шүкір деуге тұрарлық көрсеткіш болғанымен, бәрібір көлік қозғалысына қатысты әртүрлі жағдайлар болып жатыр. Оның үстіне апат санының жалпы төмендеуі аясында көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталғандар саны 12 пайызға өсті (25-тен 28-ге дейін). Көбінесе, өсім зардап шеккендердің денсаулығына зиян келтіру және қайтыс болу фактілерінің орын алуының көбейе түсуі арқылы болды (5-тен 10-ға дейін). Осылайша апаттар 21 адамның өмірін қиды, оның ішінде 2 бала, 150-ден астам адам түрлі жарақат алды, оның 16-сы бала. Бұл жол-көлік апаттары көп жағдайда жүргізушілердің кінәсінен жасалады. Осының негізгі себептері,жол қозғалысына қатысушылардың төмен тәртібі, «менікі дұрыс, өзім білемін» деген менмендігі, мас күйінде көлік жүргізуі, шыдамсыздығы.

Бұл ретте, көп жағдайда, жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, балалардың өліміне немесе ауыр зардаптарға жол бермеуге, атап айтқанда,«12 жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы ұстағыш құрылғы немесе ҰБТ қауіпсіздік белдіктерінің көмегімен баланы байлауға мүмкіндік беретін өзге де құралдар болмаған кезде тасымалдауға тыйым салу» ережесіне ерекше назар аудару қажет.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі, яғни, абайсызда өлімге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу тек бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Өткен жылы осы қылмыс үшін соттар 18 адамды, осы жылдың өткен кезеңінде тағы 5 адамды тиісті жазаға тартты.

Сондықтан, Ақмола облысының прокуратурасы жолдарда жауапкершілік танытуға, ал ата-аналарды балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына мұқият болуға шақырады.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар