Жастар – туған елдің ертеңі

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныңжастар-ресурстық орталығы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде «Жастар – елдің болашағы» атты кездесу шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты облыс жастарының шығармашылық қызметі үшін жағдай жасау және облыстағы студент жастардың адамгершілік және мәдени әлеуетін сақтау және арттыру болып табылды.

Шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық ұйымының Ақмола филиалының басшысы, полковник Жанат Ережепов, ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Мәнсия Есекеева, «Ұлттық волонтерлік желі» ҮЕҰ басшысының орынбасары Айбек Досымбетов, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» КҚ атқарушы директоры Аружан Бахитовашақыртылды. Сонымен қатар іс-шараға өңірлік жастар ресурстық орталықтарының мамандары, волонтерлік ұйымдардың мүшелері, жастар ұйымдары өкілдері, белсенді студенттер қатысты.

«Ұлттық волонтерлік желі» ҮЕҰ басшысының орынбасары Айбек Аяпбергенұлы өз сөзінде:

–Қайырымдылық қазақстандықтардың қанынада бар қасиет десек, қателеспеген болармын. Біз тек жоспарда көзделген шараларды өткізіп қоймай, сонымен бірге, осы ізгі іске өз бастамаларымызбен де ат салысудамыз. Елімізде қаншама мұқтаж жандар бар, олардың әрқайсысына көмек көрсете алмасақ та, біразының жүректерінде үміт шамын жандыруға болатынын ұмытпаған жөн. Солардың барлығын ынтымақтастығымыз бен бірлігіміздің арқасында іске асыратынымызға сенімдімін, –  деп жақсы айтты.

Әр сөйлеуші өзінің ойымен бөлісіп, жастармен сұхбаттасты. Қатысушылар сұрақтарын қойып, жастардың өзін-өзі дамытуы, олардың адамгершілік, патриоттық сезімдерін ояту және жастар саясатын дамыту жолындағы жас буынның маңызы мен рөлі, сондай-ақ, қоғамдағы орны жөнінде тақырыптар қозғалды.

Одан әріжастар үшін волонтерлік бағытта оқыту курсы басталды. Сонымен қатар, республикалық және өңірлік волонтерлік ұйымдардың көшбасшылары жетістіктерімен бөлісті. Кездесу соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар