Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отанды сүю және қорғау әскери-патриоттық тәрбиеден басталады - АРҚА АЖАРЫ

Отанды сүю және қорғау әскери-патриоттық тәрбиеден басталады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев  Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні мерекелері қарсаңында колледждер мен мектептер арасында өткен әскери-патриоттық клубтардың облыстық слетіне қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, өскелең ұрпақты Отанға сүйіспеншілік пен ата-бабаларымыздың ерлігіне адалдық рухында тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екендігіне ерекше тоқталып өтті.

Іс-шараға облыстық әскери-патриоттық клубтардың басшылары мен сарбаздар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.  Ғимараттың алдындағы алаңда облыстың аудандары мен колледждерінен әскери-патриоттық клубтар сап түзеді. Әкім алдында  слетке қатысушылар бастапқы әскерижәне технологиялық дайындық дағдыларын көрсетті. Мәжіліс залына кірер алдында Көкшетау қаласындағы қазақ гуманитарлық техникалық колледжінің әскери-патриоттық клубының көрмесі ұсынылды.

Жиналғандарды Ермек Маржықпаев төл мерекемен құттықтап, жастардың әскери өмірге белсене қатысып, олардың бойында нағыз патриоттық сезімді оятудың маңыздылығын атап өтті.

− Сіздерді келе жатқан Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер ата-бабамыздың дәстүрлерін жалғастырып келесіздер. Осы ретте, айтулы мерекелер қарсаңында облыстың әскери-патриоттық клубтарының үздік өкілдерінің бүгінгі іс-шарасына келгеніме өте қуаныштымын. Сіздер жарыстарға белсене қатысып, білімдеріңіз бен дағдыларыңызды көрсеттіңіздер. Еліміздің болашақта іргелі мемлекет болуына үлестерін қосатын білімді, белсенді, дарынды жастар ауадай қажет.Патриотизм ол тек сөз жүзінде ғана емес, туған елдің өркендеуіне әкелетін істермен дәлелденуі тиіс. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінгі таңда сіздерге, өскелең жас қазақстандықтарға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында мәдениет және спорт сарайлары, стадиондар, спорт кешендері мен алаңдар және басқа да нысандар салынып жатыр.  Мұның бәрі жастардың елдегі қоғамдық өмірге деген қызығушылығын арттыру үшін жасалуда,−деді өңір басшысы.

Слет бағдарламасында Көкшетау қаласының № 11 орта мектебі және Жарқайың ауданынан келген әскери-патриоттық клубының «Кадет сыныбы» көрме қойылымдары бар. Бүгін мұнда еліміздің болашағына мән беретін және Отанымызды қорғауға дайын жауапты адамдар жиналды. Олардың бірі –облыстық «Жас сарбаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынбек Сағидолда. Ол барша жиналғандарды мерекемен құттықтап,  ұйымның атқарған жұмысы жөнінде айтып өтті.

−Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік, өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілінен ажырамау міне, бұл ел ертеңі – жас ұрпақтың бойында сіңіретін қағидалар. Бұл ананың қасиетті сүтімен бірге баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Қазіргі таңдаоблысымызда 27 жас сарбаз сыныбы мен 182  жас сарбаз әскери-патриоттық клубы бар. Аталған клубтарда 900-ден астам баласабақтан тыс тәрбие алуда. Облыстық білім басқармасының қолдауымен жылына әр түрлі деңгейдегі әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізілуде. Аталған жиынға 1439 бала қатысуда. Облыста Отан қорғаушы күніне орай, әскери-спорттық нормативтерді орындау, әскери кросс, мергендік, «Жас Ұлан» саппен ән айту конкурсы, облыстық  «Айбын» іріктеу жастар жиыны мен «Ардагерім – ардағым» атты сайыстар мен конкурстар өтуі жасөспірімдер арасында дәстүрге айналып отыр. Төл тарихын білетін, бүгінгі күнін бағалайтын, тәуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғайтын ұлағатты жас өркендерді тәрбиелеу баршамызға ортақ міндет,−деді ол.

Іс-шара соңындасап түзеп жүру және ән байқауының жеңімпаздары ақшалай сертификатпен және дипломдарменмарапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімі «Жас Ұлан» қатарына жастарды қабылдау рәсіміне қатысты.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар