«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл мекен» челленджі өтті

Ақмола облысындағы челленджге ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. «Жасыл мекен» челленджінің мәні көктемгі кезеңде көшет отырғызудан тұрады.

«9 ай – 9 іс-шара» шеңберінде өткен челлендж білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды сіңіруге бағытталған.
Көшеттерді отырғызу балалардың қоршаған ортаға, айналасындағыларға деген қамқорлық сезімін дамытуға әкеледі.

Білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевпен бірге Қоянды ауылының №1 ОМ Целиноград ауданында өткен челленджге қатысты.

Министр Ғани Бейсембаев өз сөзінде «Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеуде экологиялық білім берудің маңызы зор. Бала уяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін еске алған жөн» деп атап өтті. Челлендж нәтижесінде мектеп ауласына шырша, қарағай, алма ағашы және қарақат ағаштары отырғызылды.

«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың еңбегі мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді. Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары қатысатын бүкіл ел бойынша бір мезгілде өткізілді.

Айта кетейік, «жасыл» акцияға аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен оқушылардың ата-аналары белсенді қатысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар