Ақмола облысында “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасы бекітілді

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының  Саяси Кеңес Бюросының отырысында 2023-2027 жылдарға арналған партияның Ақмола облысы бойынша  сайлауалды бағдарламасының жол картасы енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекітілді.
 Жол картасымен өңірімізді дамытудың 4 басым бағыты, атап айтқанда «Табысты ұлғайту»,«Өмір сапасын жақсарту»,  «Тұрмыс жағдайды жақсарту» және «Экологиялық жағдайды жақсарту» бағыттары бойынша 135 пункт бойынша 106 іс-шара бекітілді.
Бюро мүшелері жауапты ммелекеттік органдарға Көкшетау қаласын таза ауыз сумен қамту, 1-4 сынып аралығындағы оқушыларды ыстық тамақпен қаматамасыз ету, орташа жалақыны көтеруге ықпал ету, жолдарды жөндеу көрсеткіштері бойынша негізгі басымдықтарды назарға алуды ұсынды.
Бұл ретте жол картасының әрбір тармағына облыстық мәслихаттағы фракция депутаттарына бекітілді. Партия жанындағы қоғамдық кеңестерде жол картасының орындалу барысы талқыланып, тиісті мекеме мен жауапты депутат көрсеткіштердің орындалуы жөнінде есеп береді. Яғни, әрбір депутат өз саласында жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп жұмыс істемек. Бұл партияның халық алдындағы сенімінің көрінісі болмақ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар