Ақмола облысындағы ауыз сусыз қалған Егіндікөл ауданында төтенше жағдай жарияланды

– Ақмола облысына қарасты Егіндікөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысы Егіндікөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Н.Т.Қамбатыров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Төтенше жағдай жариялау қажеттігі Егіндікөлдің біраз ауылын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған құбырдан шығатын ақаулардың жиілеуіне байланысты туындаған.

«Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында орналасқан жерастынан алынатын суды тасымалдайтын Нұра топтық су құбыры Қорғалжын, Егіндікөл және Атбасар аудандарының 30-дан астам елді мекендерін сумен жабдықтаудың баламасыз көзі. Оның ұзындығы 337 шақырым. Егіндікөл ауданы бойынша өтетін бөлігі – 95 шақырым. 2005-2010 жылдар аралығында оның 59 шақырымы жөнделді. Қалған магистальдық су құбыры 50 жылдан астам күрделі жөндеусіз жұмыс істеп келеді. Құбыр 90%-ға тозған. Жыл басынан бері сумен қамтамасыз етуде жиі іркіліс бар, Егіндікөлге су беру тұрақсыз», – деп түсіндірме берілген шешімге.

Мәлім болғандай, ауыз судың тапшылғы тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленіс тудырған.

«Ауыз судың жеткіліксіз және жүйелі түрде жеткізілмеуі халық арасында әлеуметтік шиеленіс тудырды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ақмола облысының әкмі Ермек Маржықпаевқа мәселені шешу мақсатында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы өтініштер түсуде. Осыған байланысты аудан аумағында төтенше жағдай жариялау ұсынылды», – делінген шешімде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар