Сыбайлас жемқорлық пен күрес – басты басымдық

Сыбайлас жемқорлық терроризммен, елдің қорғаныс қабілеті деңгейінің төмендеуімен қатар, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін маңызды қатерлердің бірі болып табылады.Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі өмірдің барлық салаларына кері әсерін тигізеді, мысалы, шенеуніктер пара алудан бас тартпайтын елде, әдетте, білім деңгейі төмен болып, денсаулық сақтау жүйесі көп нәрсені қажет етеді және тағы басқа қарама-қайшылықтар орын алады.

Мемлекетіміз бүгінгі таңда осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шаралар әзірленді. Егер бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстардың зардаптарымен күресуге баса мән берілсе, қазір сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою бірінші орынға қойылды.

Сыбайлас жемқорлықты төмендетудің өте тиімді құралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерттеу. Басқаша айтқанда, талданатын саладағы сыбайлас жемқорлықты одан әрі барынша азайтуға мүмкіндік беретін нақты ұсыныстар әзірлей отырып, мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектордың қызметін егжей-тегжейлі зерделеу.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды сәті – әсіресе, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын шенеуніктерге ғана емес, сонымен бірге, бейбіт тұрғындарға да сіңіру қажет.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін ең төменгі деңгейге дейін төмендеткен елдердің тәжірибесін пайдалану біздің республикамызда сыбайлас жемқорлықпен күресуге оң әсерін тигізуде. Осылай дегенде, шағын ғана Сингапур мемлекетін және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын ерекше атап өту керек. 1965 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Сингапур әлемдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі ең жоғары елдердің біріне айналды, сондықтан, осы келеңсіздікті жою үшін келесі қадамдар жасалды: лауазымды тұлғалардың әрекеттерін қатаң реттеу; бюрократиялық процедураларды жеңілдету; жоғары этикалық нормалардың сақталуын барынша қатаң қадағалау; сыбайлас жемқорлық фактілерін тергеу үшін арнайы бөлім құру, заңды күшейтіп, сот билігінің тәуелсіздігін арттыру, пара бергені немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеуге қатысудан бас тартқаны үшін экономикалық санкциялар енгізу.

Сондай-ақ, кеден және басқа да мемлекеттік қызмет адамдарын жұмыстан босатуға дейін қатаң шаралар қабылданды. Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне бармас үшін лауазымды тұлғалардың жалақысын көтеру және білікті, адал әкімшілік кадрларды даярлау қажет. Бүгінгі таңда біз айтқан Сингапур – экономикалық тұрғыдан алғанда әлемдегі ең қуатты мемлекеттердің бірі, яғни, сыбайлас жемқорлық деген ұғымды қабылдамау құбылысының бір жарқын үлгісі.

Мемлекетіміз де осы дертпен күреске қоғам мен бизнестік ортаны белсенді тартуда. Жалпы, сыбайлас жемқорлықты жою үшін шенеунік болсын, кәсіпкер болсын, осы қоғам дертінің зардабын, елге тигізер үлкен зиянын, өркениетті дамыған мемлекет құру қағидасымен мүлдем үйлеспейтінін әрбір азаматтың сана-сезіміне баса жеткізе білу  қажет. Ал, тоқ етер түйініміз, сыбайлас жемқорлық – мемлекетімізді іштей жейтін  бұл барып тұрған жегі құрт, сондықтан, онымен күрес жалпыхалықтық сипат алмаса болмайды.

 Самал ӘБІЛДИНА,
Ақмола облысыәділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар