Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысындағы Степногор ЖЭО-сы қысқы маусымға әзірленуде - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысындағы Степногор ЖЭО-сы қысқы маусымға әзірленуде

— Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері энергетикалық кәсіпорындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын бақылау аясында «Степногор ЖЭО» ЖШС-на барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылға арналған жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес электр станциясын алдағы жылыту кезеңіне дайындау үшін №6, 7 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу, №3 қазандық агрегатын кеңейтілген ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да №3, 7 қазандық агрегаттары бойынша және №3 күл құбырын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Жөндеу жұмыстары МСУ-104, «РемЭнергоМаш» ЖШС, «Қазбилд центр» ЖШС және «Әйтілек Шатары» ЖШС мердігер ұйымдарының қатысуымен қолға алынды, екі ауысымда еңбек ететін 111 адам жұмылдырылған», деп жазды ведомстводан.

№7 қазандық агрегатын ашу кезінде қосымша ақаулар анықталуына және жөндеу жұмыстарының көлемінің ұлғаюына байланысты осы қазандық агрегаты бойынша күрделі жөндеуді орындау мерзімдері ұзартылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар