Ауылдың өзекті мәселелерін шешуге көңіл бөлінуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин сөз алып, елордамен іргелес ауданның бүгінгі таңдағы даму барысы, алдағы күнге межеленген жоспарлар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Ақкөл қаласында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда,  сондай-ақ, нысанға инженерлік коммуникациялар мен электр жарықтандыру жүйелері жүргізілмек. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

−Қазірдің өзінде Домбыралы және Кеңес ауылдарындағы су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жалғызқарағай және Қына ауылдарындағы су құбырлары да қайта жаңартылады. Радовка, Ерназар, Рамазан ауылдарындағы су қысымы мұнаралары, сондай-ақ, Еңбек ауылындағы су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізіледі,− деді әкім.

Ауылдық елді мекендердің көшелерін жарықтандыру өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай, биыл Амангелді және Кемеркөл ауылдарында көше жарығын орнату жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Урюпин ауылдық округіндебұл мәселені шешу үшін  конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Домбыралы және Кеңес ауылдарында көшелерді жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінді. Ақкөл қаласында 20-ға жуық көшені жарықтандыру қажет. Осы мақсаттарға шамамен 10 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда.

−Амангелді ауылына кірме жолға жөндеу жүргізілді. Ақкөл қаласында Бигелдинов көшесі бойындағы жол-көлік желісін қайта жаңарту бойынша екі жылдық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Ақкөл−Азат-Қайнар бағыты бойынша автожолды және Жаңа Колутон−Азат-Минское жолының проблемалық учаскесін жөндеу –  маңызды мәселелердің бірі. Ағымдағы жылы осы учаскелерде орташа жөндеу мен қайта жаңарту жұмыстары басталды. Кірме және кентішілік жолдарды жақсарту үшін Домбыралы ауылына кірме жолды орташа жөндеуге, Ақкөл қаласындағы Иманов көшесіндегі жолмен бірге,Ақкөл-Новорыбинкадағы  жолды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде,−деді Юрий Курушин.

Денсаулық сақтау саласында облыстық бюджеттен орталық аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамаларәзірлеуге қаражат бөлінді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Қына ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты мен Новорыбинка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.Ақкөл қаласындағы саябақты күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жалғасады.

−Бүгінде Ақкөл ауданы ішкі туризм және демалыс саласындағы қызметтер нарығында жақсы мүмкіндіктерге ие. Ағымдағы жылы шілде айындахалықаралық қонақ үй желісі кешеніашылады.Бұдан басқа, ауданда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба белсенді іске асырылуда. Оған сәйкес  биыл ет және сүт фермаларын құру бойынша 4 инвестициялық жоба қолға алынуда,−деп түйіндеді өз сөзін аудан басшысы.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар