Ақмолалық палуандардан қашан «Қазақстан Барысы» шығады?!.

Көкшетауда қазақ күресінен «Ақмола Барысы» турнирі өтті. Жоғары спорттық жетістіктері бар 29 палуан Ақмола облысының түкпір-түкпірінен үздік атану үшін осы жарысқа әдейілеп ат басын тіреді.

Турнирді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев тамашалады. Кілемде өз күштерін сынап көргісі келетіндердің арасында әуесқойлар да, кәсіпқойлар да болды. Қазақ күресінің майталмандары ғана емес, самбошылар мен дзюдошылар, сондай-ақ, еркін және грек-рим күресінің шеберлері кездесті.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша «Ақмола Барысы» атағын Бекбол Нұрланұлы жеңіп алды. Екінші жүлделі орынды Дастан Батухан иеленсе, қола жүлде Ерболат Тәшеновқа бұйырды. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жаттықтырушы Нұрлан Мәулен «Ақмола Барысына» аймақтың ең мықты палуандары қатысып, спорттық намыс туын жоғары ұстағандарын, сондай-ақ, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Жарыстың үздік екі палуаны Бекбол Нұрланұлы мен Дастан Батухан «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды, олар енді алдағы уақытта еліміздің бас палуаны атағы үшін бақ сынасатын болады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар