Әскери мектеп шақырушылары ант қабылдады

Көкшетау қаласының іргесіндегі Бұқпа тауы алаңындағы Тутұғырда әскери-техникалық мектеп шақырушыларының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.  Осы күннен бастап, мектепте болашақ сарбазға арналған жауынгерлік дайындық курстары артта қалды.

Қазақстанның әрбір азаматы18 жасқа толған кезде Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Жыл сайын ел бойынша 30 мыңнан астам жас әскер қатарына шақырту алады. Алайда, тек бесеуінің бірі ғана сарбаз атанады. Қазіргі уақыта Отан алдындағы борышын өтей алмағандар үшін әскери борышынөтеудің балама түрі де бар.  2013 жылдан бастап әскери қызметті  40 күндік курста өту қарастырылған.  Сол жылы бұл үшін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Жаңа заңға байланысты, ер азаматтарға әскери билетті міндетті түрде бір жылдан кейін емес, бір айдан кейін де алуға болады. Ол үшін әскерге шақырылушылар «40 күндік армия»деп аталатын курстан өте алады. Аталмыш қызметті атқару үшін 263 318 мың теңге ақы төлеу қажет. Оған денсаулық жағдайы бойынша шектелген және әскери қызметке құқығы бар 24 пен 27 жас аралығындағы азаматтар бара алады.

− Бүгін 39 жас жігіт әскери ант қабылдады. Жалпы, олар 40 күн ішінде қызметтің қыр-сырларын және ауыртпашылығын біршама көріп, әскер не екенін білді деуге болады. Әскери техника мен әскери қаруды қолдануды үйренді. Осы күндері олар соны игеріп, соңында ант қабылдап отыр, −деді әскери-техникалық мектептің тәрбиешісі Жанатай Рамазанов.

Оқу-жаттығу кезінде сарбаздар әскери қызметшілердің жалпы міндеттерімен танысып қана қоймай, жаттығу әдістері мен дене жаттығуларын меңгереді. Осының бәрінің негізгі мақсатыҚазақстан Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандарды даярлау болып табылады.

−Елордадан Щучье филиалына 40 күнге Отан алдындағы борышын өтеу үшін келдім. Мұнда әскерилердің қандай тәртіппен өмір сүретініне қанығып, оқу-жаттығу шаралары қалай өтетінін білдім. Филиалұжымына әскери өмірдің қыр-сырларын үйреткені үшін алғысымды білдіремін,−деді қатардағы сарбаз Алмас Наркен.

Қазақстан Республикасының «Қорғаныс істері туралы» Заңына сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар Отан алдындағы борышын өтеуге міндеттеледі. Сондай-ақ, заңның талаптарына байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.Егер әскерге шақырылған азамат шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмесе, ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Әскери қызметтің барлық ауыртпалықтарына қарамастан, жыл сайын осындай жүйе бойынша қызмет атқарғысы келетіндердің саны күн сайын артуда. Алайда, Қарулы Күштерге  аталмыш қызмет түрін енгізу әскерге жастарды тартуға және әскери қызметке деген қызығушылықты оятуға талпыныс береді, дегенмен, бұл жөнінде халық арасында әртүрлі пікірлер бар. Біреулер әскерге бармай, 40 күн ғана онда болған болып, әскери билет алуды құптамайды. Шынында да, қазіргі Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери борышымызды өтеген біздің ойымызша да, он сегіз жасқа толып, азамат атанған соң замандастарың қатарлы әскерде болып, еңсеңді көтеріп жүргенге не жетсін. 40 күн сені толыққанды сарбаз етіп шығара ма?! Әрі азаматтық борышыңнан босаудың жеңіл бір түріндей болып көрінетіні тағы жасырын емес. Қалай болғанда да бұл, заңда бекітілген әскери міндетіңді өтеудің бір баламасы. Сондықтан, оған заңды іс деп қарау керек.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар