Өндірісте жазатайым оқиғалардың орын алуы алаңдатады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма  басшысының орынбасары Дүйсенбек Баймұсынов осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде айтып өтті.

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында еңбек инспекциясы басқармасы облыстың 124 кәсіпорны мен ұйымдарын тексеріп, 88 бұзушылықты анықтады.  Еңбек заңнамасын неғұрлым өрескел бұзғаны үшін  35 лауазымды және заңды тұлғаға 5,7 миллион теңге мөлшеріндеәкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын түсіндіріп, жұмысшылар алдындағы жалақы бойынша берешекті өтеуге септігін тигізуде.

− Көп жағдайда жұмыс берушілер жалақы бойынша берешекті өтейді және мұндай өтініштер қызметкерлердің қарсы өтініштерімен шешіледі. Жұмыс беруші жалақы бойынша берешекті өтеуге келіспеген жағдайда, өтініш берушілерге бұл жағдайды сотта қарау тәртібі түсіндіріледі.Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынған ақпаратына сәйкес үш банкроттық кәсіпорынның 18 қызметкері алдында 20,5 миллион теңге берешегі бар. Жалақы бойынша берешекті өтеу жөніндегі шаралар «Оңалту және банкроттық туралы» заң шеңберінде қабылданады.Ал, берешек «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң шеңберінде өтеледі.Тағы бір айта кететін жай,облыс бойынша өндірісте 16 жазатайым оқиғаорын алып, 17 адам зардап шеккен, оның 4-еуі кісі өлімімен аяқталған. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан жүргізілетін профилактикалық шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы өткен  жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар санының 15,8 пайызға төмендеуі байқалады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қазіргі уақытта 7 жазатайым оқиға бойынша арнайы тексеріс жүргізуде,− деді Дүйсенбек Баймұсынов.

Жазатайым оқиғалар жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, жұмысшылардың абайсыздығы, қауіпсіз еңбек тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер және ақаулы машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды пайдаланудан туындайды. Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, сондай-ақ, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілерімен және лауазымды тұлғаларымен 31 семинар мен арнайы сабақтар өткізді.

− Алты  кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау жүргізілді.Облыстың 222 кәсіпорны мен ұйымында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілді.  Оқу-кеңес беру орталықтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша 368 басшы мен маман оқытылып, аттестаттаудан өтті. Атбасар қаласының «Қамқор Локомотив» серіктестігі «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалына жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметін декларациялағаны үшін «Сенім сертификаты» табыс етілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен және кәсіпорын басшыларымен «нөлдік жарақаттану-VisionZero» тұжырымдамасын енгізу және осы жұмысты ілгерілету бойынша кездесулер өткізілуде, − деді басқарма басшысының орынбасары.

Баяндамашы мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындардың жұмыс берушілерімен ұжымдық шарттар жасасу, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру және  кәсіпорындар мен ұйымдар  бойынша жалақыны арттыру бойынша мониторинг жүргізіп, осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен айналысатындарын айтып өтті. Қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру кәсіптік тәуекелдерден әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі, ол жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерлерге сақтандыру төлемдеріне кепілдік береді.  Осыған байланысты басқарма жұмыскерлерді қызметтік міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына 5383 хабарлама жолдады. Сол сияқты, биыл облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 7 мыңға жуық ұжымдық-шарт жасалды.

− Көкшетау, Степногорск және Қосшы аудандары мен қалаларының әкімдіктеріне де ағымдағы жылға арналған «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» бойынша жоспар жолданды.Оны да қадағалап, жалпы, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыра түсеміз,− деп түйіндеді өз сөзін Дүйсенбек Баймұсынов.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар