Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Street Workout» бойынша Ақмола облыстық ашық чемпионатының жазғы маусымының ашылуы өтті.
ЖарыстыАқмола облыстық жастар-ресурстық орталығы осы аттас жастар қозғалысымен бірлесіп өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың заманауи талаптарын ескере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өскелең ұрпақ үшін «Street Workout» спорт түрін насихаттау болып табылады. Осы орайда, «Street Workout»-ты түсіндіре кетсек, бұл әуесқой спорт түріне, дене шынықтыруға жатқызуға болатын және спорттық субмәдениет болып табылатын көше гимнастикасы.
Аталған шараға облыс аудандары мен қалаларынан және еліміздің өзгеаймақтарынан келген 60-тан асажас спортшы қатысты. Шара«Мультилифтинг», «Үш сайыс» және «Фристайл» сияқты негізгі номинациялар бойынша өткізілді.Жарыс қорытындысы әр номинациядағы ұпайларды жеке-жеке қоса отырып шығарылды. Сөйтіп, түрлі номинациялардан ең көп ұпай жинаған үш қатысушы жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, «Фристайл» қорытындысы бойынша бірінші орынды Виталий Давлетов, екінші орындыКирилл Сумбаев және үшінші орынды Данил Рябов иеленді. «Үш сайыста» бірінші орын Олеся Фомина, екінші орын Карина Журбина, ал,үшінші орын Игорь Сергеевке бұйырды. «Мультилифтинг» нәтижесі бойынша бірінші орынды Петропавл қаласынан келген Никита Сафонов, екінші орынды Дамир Абдрахманов, ал, үшінші орынды Даниал Кенжеғалиев еншіледі.
Турнир соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы
жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметкері.
![]()

