Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ тілі пәнінен білімдері мен өрелерін көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ тілі пәнінен білімдері мен өрелерін көрсетті

«Қазақ тілі» пәні бойынша жоғары оқу орындарының өзге ұлт өкілдері студенттері арасында республикалық пәндік олимпиада болып өтті.

 Төрт кезеңмен өткен олимпиада «Менің өлкем, оқу орным, болашағым» атты таныстыру конкурсымен басталды. Байқауға қатысушылар аты ай тып тұрғанындай, өз қаласы, өлкесі, білім ордасы туралы ақпарат берді. Байқау сахнада еркін түрде өтті. Қатысушылардың  реті тақтада көрсетілген ұяшықтар арқылы анықталды. Бұл турда ақпараттың өзіндік ерекшеліктері мен тұтастығы, тақырыптың ашылуы мен ақпаратты ұсыну мәдениеті бағаланды.

Екінші кезеңде тыңдалым тапсырмасының орындалуы сарапқа салынып, аудиомәтіндер тыңдалды. Студенттер тыңдалған мәтінді өз сөзімен мазмұндап, өз ойымен қорытындылады. Үшінші кезеңде жазылым тапсырмасы қамтылды. Мұнда ұсынылған тақырыптар бойынша қатысушылар эссе жазды.

Таңдалған тақырып бойынша эсседегі сөз саны 250 сөзден кем болмауы тиіс болды. Эссе жазуда эссе құрылымының сақталуы, қатысушының өзінің жеке көзқарасы, өмірмен байланысы, нақты дәлелдемелермен дәйектелуі және сауатты жазылу талаптары қойылды. Жеңімпаз командалар 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Қазылар алқасына филология ғылымдарының  докторы, профессор  Бердібай Шалабай төрағалық етсе, педагогика ғылымдарының  докторы, профессор Бәрия Жахина, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдық профессор Р.Қияқова, облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Әсемгүл Қарсабаева және филология ғылымдарының кандидаты, профессор, азаматтық қорғау полковнигі С.К.Қасымова қазылар алқасының мүшесі болып, байқауға тиісті баға берді. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, С.Торайғыров атындағы педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Астана халықаралық университеті, Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің студенттері қатысқан байқауда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Бриллиант Әлиева 72 ұпай санымен 1-орынды иеленсе, Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Лобар Ташалиева 70,8 ұпаймен және Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Карина Рабе 67,62 ұпаймен 2-орындарға табан тіреді. Ал, С.Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Ифтихор Азатов, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Динор Ирисматова және Астана халыкаралық университетінің студенті Артем Буланин 3-орындардан көрінді. Бірінші орынды жеңіп алған университет 2024 жылы республикалық олимпиаданы өткізу мәртебесіне ие болды.

Әсемгүл ҚАРСАБАЕВА,
Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар