Жастар тәрбиесі – баршаға ортақ іс

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Талқылау» диалогтік алаңында жастар мәселесі сөз болды.

Жиынға қатысқан аға ұрпақ өкілдері қазір қоғамның бар күш-жігері жас ұрпақты отансүйгіштікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталуы керектігін айтып, тәрбиелі де білімді, саналы да мәдениетті ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі деген ойларын білдірді.

Қоғам қайраткері,облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы, жазушы-журналист Ғосман Төлеғұл жалпыға ортақ жастар тәрбиесіне   қоршаған орта әсер ететіндігін жасырмады.  Кешегі жастар мен бүгінгі жастардың келбетін сипаттай отыра, жиналған жастарға Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлихановтардың жүріп өткен жолын мысалға келтірген облыстық мәслихат депутаты Қайрат Ауғалиев  қазіргі жаңару ғасыры  ұлттық-дәстүрлі құндылықтарымызға, тіліміз бен тәрибемізге  кері әсерін тигізбесе екен дейді.

Жастарды экран тәрбиелеп жатыр деген пікірді  Ақмола облысы «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Ерлан Зәкіриянов, қазақы тәрбиенің бастауы отбасында болу керектігін жеткізді. Ал, жастар арасындағы қылмыстың себебі мен салдарына тоқталған ювеналды полиция инспекторы Айжан Кошкенова тек биылғы жылдың 5 айында Көкшетау қаласы бойынша кәмелетке толмаған жастар арасында 7 қылмыс тіркелген статистиканы тілге тиек етті.

Сайып келгенде, жиынға қатысушылар біз өз елін сүйетін, қорғайтын, салт-дәстүрін құрметтеп, түп-тамырын, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, тілін терең білетін, онымен мақтанатын, өзге елдің азаматтарымен бәсекеге барынша қабілетті, терең білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты, өзін-өзі сыйлата білетін жастарды тәрбиелеуіміз керек , сол жолда аянбай еңбек етуіміз қажет деген оймен тарқасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар