Қаза тапқан ақмолалық полиция полковнигінің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Полиция полковнигі Қайырлы Молдахметұлы Кинаятовтың есімі әрбір ақмола полицейіне таныс. Ол қатардағы жауынгер лауазымынан бастап полковник атағына дейінгі қызметтің барлық сатыларынан өткен ақылды басшы, тамаша ұйымдастырушы, нағыз офицер болды.

Қайырлы Молдахметұлының жарқын өмірі 2005 жылы қайғылы апат салдарынан үзілді, алайда, 18 жыл өтсе де оның полиция қызметі саласына қосқан үлесі зор және ешқашан ұмытылмайды.

Бурабай ауданы Полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына Қайырлы Молдахметұлының еңбегі мен жоғары адам қасиеттеріне құрмет ретінде мемориалдық тақта орнатылды.

Салтанатты шараға Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Қ.М. Кинаятовтың туыстары, басқа өңірдің, Астана қаласынан және көрші облыстардан келген ішкі істер органдарының жеке құрамы мен ардагерлері қатысты.

Бейбіт митингтің ашылу рәсімін бастаған Д.А. Таев алдымен Қайырлы Молдахметұлының кадр жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары лауазымындағы еңбегіне тоқталып. Полиция полковнигі К.М. Кинаятовтың озық тәжірибесі қазіргі уақытта да пайдалы, ол бүгінгі жүргізіліп жатқан кадр саясатында да өзекті.

Полиция полковнигі Қ.М. Кинаятовты еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу маңыздылығын ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиев пен Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевта атап өтті. Щучинск АІІБ-де онымен қатар жұмыс істеген Дулатбек Мұқышев Қайырлы Молдахметұлының адал серік және үздік басшы бол білгенін айтып берді.

Қайырлы Молдахметұлының ағасы Сабырбек Кинаятов іс-шараны ұйымдастырушыларға Кинаятовтар отбасының атынан ағасының есіміне құрметпен қарағаны және оның сіңірген еңбегіне жоғары баға бергені үшін үлкен алғыс білдірді.

Мемориалды тақтаны ашу құрметі Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев пен Қ.М. Кинаятовтың ұлы Асхатқа берілді. Кенеп алынып тасталғаннан кейін үш рет оқ атылды және салтанатты митинг қатысушылары ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Полиция полковнигі Қайырлы Молдахметұлы Кинаятов Көкшетау облысы Арықбалық ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1980 жылы оның ішкі істер органдарындағы қызметі карантиндік бекеттерде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі милиционер қызметінен басталды. КСРО ІІМ Алма-ата арнайы орта мектебін бітіргеннен кейін, Володар АІІБ учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеді. Қайырлы Молдахметұлы ішкі істер органдарының барлық бағыттары бойынша жұмыс істеді: инспектор, содан кейін ӘЖҰКБ аға жедел уәкілі, Рузаев АІІБ бастығының орынбасары және екі жыл осы АІІБ бастығы. 1996 жылы полиция полковнигі Қ.М. Кинаятов сол кездегі ең ірі Щучье аудандық ішкі істер бөліміне қызметке тағайындалды. Бұл лауазымда Қайырлы Молдахметұлы 8 жыл жұмыс істеді.

2004 жылы оның ұйымдастырушылық қабілеті мен практикалық тәжірибесін ескере отырып, Қайырлы Молдахметұлы Ішкі істер департаменті бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Осындай жауапты қызметте болған жылы көп нәрсе жасалды, бірақ қайғылы оқиға полиция полковнигінің өмірін мансабының шыңында тоқтатты. Бүгінде оның ісі шәкірттерінде жалғасуда, олар өмір бойы көшбасшысының өсиеттерін алып жүрді.

Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамының атына Қайырлы Молдахметұлының ұлы Асхат ерекше алғысын білдірді. Жас кардиолог өзінің бүкіл отбасы, анасы мен әпкелері атынан жылы сөздер айтты.

Айта кету керек, бұл жолы ішкі істер органдарының ардагерлері спорттық рухты көрсетті. Салтанатты митингіден кейін бірден спорт залында полиция полковнигі К.М. Кинаятовты еске алуға арналған екі турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға “Динамо” ДСҚ атынан естелік сыйлықтар, медальдар және грамоталар марапатталды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар