Қазып айтқан Қазыбек

Жас уақытында Төле би мен Әйтеке би екеуі Қаз дауысты Қазыбекті сынамақ болып, бір ерге өтірік таласып, оның алдына жүгініпті. Ер иесі Әйтеке, даулаушы Төле би болыпты. «Қапталың қайың, қасың тал. Қазыбек қосқан ермісің» деп Әйтеке би іліп әкетіп, өз уәжін айтады. Төле де ердің өзінікі екенін дәлелдеп, ерден айрылмайтынын, керек болса жан беруге баратындығын айтып қасарысып бағады.

Сонда Қазыбек жас Төле биге карап:

– Сен қараның ұлы Төлесің, адам болайын деп жүрген немесің, қу ағаш үшін жан берме, жан берсең күніңнен бұрын өлесің. Сен екі шіркін қартайғанда мені сынамай-ақ қойсандар қайтеді? Орта жүзде бір кісінің жауырыны жерге тимей-ақ қойса қайтеді? – депті.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар