Немерелерінің жазғы демалысына атасы бас-көз болып жүр

1 маусымнан бастап оқушылар үш айлық жазғы демалысқа шықты. Мұндайда ата-аналардың алдында балаларым қайда демалады? – деген сұрақ тұрады. Осымәселені әр ата-ана әртүрлі шешеді. Біреулері балаларын қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне жіберсе, кейбіреулері мектеп жанындағы жарты күндік, тамақ бермейтін лагерлерде демалғызады, ал, енді біреулері ауылға ата-әжелеріне не туыстарына кетеді. Қысқасын айтқанда, демалудың әртүрлі жолдары бар. Ал енді, кейбір балалар жыл бойы топта болып, әбден шаршағандықтан өздері бос, еркін дем алғанды ұнатады.

Мен сондай балалар туралы жазбақшымын. Оны ұйымдастырушы қарт ұстаз Еркін Дәуешұлы. Үш немересіне жазда қалай белсенді демалудың жоспарын жасап, іске асыруда. Үлкен немересі Ибраһим республикалық физика-математика мектебінің жетінші сыныбын үздік бітірсе, қалған екеуі – Әлихан мен Фатима №17 гимназияның түлектері. Олар таңертең таңғы астарын ішкеннен кейін велосипедтеріне мініп, екі-үш шақырымдай жердегі орталық саябаққа барып, веложолда бір сағаттай шыныққан соң сағат ондарда саяжайдың  аумағындағы суға шомылатын орынға барып жайғасады.

Балалар екі сағаттай шомылып, суда белсенді жүзіп, күнге қыздырынып үйлеріне қайтады. Аталары немелеріне суда жүзудің әртүрлі әдістерін үйретеді. Түскі  астарын ішкеннен кейін кішкене демалып, ата-аналарының ұсынуымен ағылшын тілінің маманы келіп, сабақ өткізеді. Балалар ол кісінің берген үй тапсырмасын орындайды. Осыған екі-үш сағат уақыттары кетеді. Үшеуі де аптасына үш рет  дзюдо секциясына барады. Үйдің жанында батут пен  кішкентай бассейн бар. Кішкентай інілері Хайдарды  балабақшадан келгеннен кейін батутта ойнатып, бассейнде жүзудіүйретеді. Арасында әжелеріХамила Құлбекқызы жас ерекшеліктеріне қарай кітапханадан әкеліп берген әдеби кітаптарды оқып, өздерінің ой-қабілеттерін дамытады. Үй жанында  гүлдер өсіреді, басқа да  шаруаларға көмектеседі.

Міне, осылайда жазғы демалысты тиімді өткізуге болады. Бала өзеркімен белсенді демалып, қажет білімін алып, ұнаған істерімен айналысып, ата-аналарына көмектесіп, жазғы демалыстарын көңілді өткізе алады.

Мысалы, Фатима кулинарияға жақын. Дәмді тоқаштар, торттар пісіріп, отбасын көңілдендіріп қояды. Үшеуіде домбырада ойнап, арасында кішігірім концерттерде ұйымдастырады. Оған қоса, Ибраһим мен Әлихан футболды, волейболды ұнатады. Жинаған қаржыларына доптар сатып алып, ағайынды екеуі көршілерімен футбол немесе волейбол ойнайды. Осылай бұл үш баланың жазғы каникулы мазмұнды да пайдалы өтіп жатыр.

Әзиза Есентаева,
мемлекеттік қызметші.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар