Үшінші радиофармацевтикалық препарат шығарылды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының жанындағы Ядролық медициналық орталық мамандары 11 С-метионин радиофармацевтикалық препаратын шығару жобасын сәтті жүзеге асырды. Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграмм арнасында осылай деп хабарлады.

– Томографияны 11 C-метионинді пайдаланып жасау мидағы қатерлі ісікті ерте диагностикалауға мүмкіндік береді, ол ісік көлемін анықтауда «алтын стандарт» ретінде мойындалған. Осы орайда, былтыр желтоқсан айында және биыл наурызда Циклотронды кешенде екі радиофармацевтикалық препарат өндіріле бастағанын атап өткім келеді, – деген А.Дәдебаев жобаға атсалысқан мамандардың барлығына шынайы құттықтауын жеткізді.

Президенттің Іс басқарушысы айтқандай, әлемдік тәжірибеде ауруханалар жыл сайын бір немесе екі препарат қана шығаратынын ескерсек, бұл аурухана үшін үлкен жетістік. Осылайша қатерлі ісік ауруларын ерте бастан табу мен емдеу бағытында үлкен нәтижеге қол жеткізіліп отыр.

– Ядролық медициналық орталықта осыған дейін 4 мыңға тарта адам диагностикадан өткен болатын. Олардың 95 пайыздан астамы ТМККК арқылы келді, – деді ол. Жоспар бойынша Циклотронды өндірістік кешенде жыл соңына дейін қатерлі ісік ауруларына қатысты диагностикалық зерттеулер жүргізуге арналған тағы екі препарат өндірілуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Іс басқармасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар